infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

ПОЛИЦИЯ БЕДЕЛІ ІСІНЕ ҚАРАЙ ӨЛШЕНЕДІ

25 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Апта басында Түркістан облыстық полиция департаменті жанындағы консультативті-кеңесші органның отырысы өтті. Алдымен биыл кеңес төрағасы, ҚР ІІМ құрметті ардагері Е.Нұржанов бастаған топ құрамында бірқатар өзгерістер орын алғанын да айта кеткеніміз жөн болар. Атап айтсақ, ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Халықов, Түркістан қалалық мәслихат депутаты С.Ханділлаев, ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі А.Тастанбеков, қоғам белсендісі Б.Сүлейменов, қалалық «Түркістан» газетінің басшысы М.Дәулетов, ардагер журналист, оператор А.Қазанбай, Түркістан облыстық Ішкі істер органы мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, ІІО-ның ардагері О.Жанқожаев, ПД кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі М.Асқаровтар кеңес мүшелері болып табылады.

Осындай құраммен жыл ішіндегі алғашқы отырысын бастаған кеңес мүшелері күн тәртібінде Түркістан облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің жұмысын сервистік модельге көшіру және сервистік полицияны құру аясында іске асырылатын жобалар туралы сонымен қатар, Ішкі істер органын жаңғырту және мемлекет басшысының құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі мәселелер қаралды.

Алғаш баяндама жасаған әкімшілік полиция бөлімінің басшысы А.Тастанбеков полицияның сервистік моделіне өту мәселесінде қолға алынған жобалардың тиімді тұстарын сөз етті. Түпкі мақсат — тәртіп сақшылары қылмысты ашудан бұрын оны болдырмауға бағыттайтын жаңа бастаманың қазіргі күнде пилоттық жоба ретінде іске асырылып жатқанын және оның өз нәтижесі бар екендігін алға тартты.

Ал, екінші мәселе бойынша кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаров Ішкі істер органын жаңғырту және мемлекет басшысының құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тапсырмаларын іске асыру жөніндегі қызметті ақпараттық сүйемелдеу бойынша шығарылған шешім аясындағы тармақтарды атап, осы бағытта жұмысты жандандыруды көздеген жобаларын ұсынды.

Кеңес талқысына түскен қос мәселе айтарлықтай қолдауға ие болды. Ал, жаппай тәртіпсіздіктер мәселесіндегі полицияның әрекеті, олардың ел қорғаны болудағы қадамдары мен құзіреттерінің аясындағы мүмкіндіктері кеңес мүшелерін ойландырмай қоймайтынын айта кету қажет. «Қаңтар оқиғасындағы» орын алған келеңсіз жағдайлар әлі де біраз мәселелерге терең бойлап, оңтайлы шешім қабылдауды қажет ететіні өзара талқыға түсті. Осылайша аталмыш мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлерді түйіндеп айтсақ, түпкі мақсат — полиция беделінің артуы атқарған ісіне қарай өлшенеді деген байлам жасалды.

«Түркістан».

Алдыңғы пост

СЕКТОР ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУДА

Келесі жаңалық

Түркістанда – бала тәрбиесін ата-аналармен бірге жүргізуге үлкен мүмкіндік береді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі