infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

24 февраля, 2023
in Әлеумет
0
САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов сайлау алдындағы үгіт мәселелері жөнінде ОСК отырысында мәлімдеген болатын.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттарының депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алдында мынадай негізгі міндеттер тұр.
Бірінші — партиялар мен бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға үгіт-насихат кезеңінде олардың қызметін жариялау үшін тең жағдай жасау.
Екінші міндет — барлық аудиторияға сайлау құқықтарын түсіндіруге және азаматтардың дауыс беруге қатысуға қызығушылығын арттыруға бағытталған кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сондай-ақ, сайлау кезеңіндегі үшінші маңызды міндет бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.
Үгіт кезеңінде Министрлік ақпараттық алаңға тұрақты мониторинг жүргізетін болады.
Мониторингпен республикалық және өңірлік дәстүрлі БАҚ, ақпараттық интернет-ресурстар және әлеуметтік медиа қамтылатын болады» деді вице министр.
Вице министр сонымен қатар мониторингпен 340-қа жуық баспа басылымдары, 49 телеарна, 130-ға жуық интернет-ресурстар қамтылатындығын мәлімдеді.
Сондықтан сайлау науқанының барлық қатысушыларының сайлау заңнамасын сақтауы өте маңызды.
«Қандай да бір құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, біз оларды Бас прокуратураға жібереміз, сондай-ақ бұл туралы ОСК-ға хабарлаймыз. Олар сол сәтте тиісті шараларды қабылдайтын болады.Тәртіп бұзушылық болған жағдайда редакторлар да, БАҚ иелері де, оларға жол берген жеке тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін атап өтемін», деді вице министр.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі