infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

САЙЛАУ: НҰРЛАН ӘБДІРОВ ТМД ПАА БАЙҚАУШЫЛАР ТОБЫМЕН КЕЗДЕСТІ

23 февраля, 2023
in Әлеумет
0
САЙЛАУ: НҰРЛАН ӘБДІРОВ ТМД ПАА БАЙҚАУШЫЛАР ТОБЫМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПАА) байқаушылар тобымен видеоконференция режимінде кездесу өткізді.
Орталық сайлау комиссиясынан мәлім еткендей, бұл топ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауға дайындық және оны өткізу жұмыстарына мониторинг жүргізеді.
«Нұрлан Әбдіров ТМД ПАА байқаушыларын жаңартылған заңнама бойынша жүргізілетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Бұдан басқа, ОСК төрағасы кездесуге қатысушыларды партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары, жеребе тартудың нәтижелері, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабардар етті», — делінген баспасөз хабарламасында.
Өз кезегінде ТМД ПАА делегациясының басшысы Дмитрий Кобицкий кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірген. Қазіргі уақытта ТМД ПАА байқаушылар тобын қалыптастыру жалғасып жатқаны атап өтілді. Оған кемінде 50 адам, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламенттерінің депутаттары, ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының қызметкерлері және сайлау процестері саласында кәсіби білімі бар сарапшылар кіреді деп жоспарлануда.
Ол сондай-ақ ТМД ПАА байқаушылар тобының үйлестірушісі болып Армения Республикасы Ұлттық жиналысының Өңірлік мәселелер және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, Армения-Қазақстан парламенттік достық тобының жетекшісі Вагаршак Акобян тағайындалғанын хабарлады.
Делегация басшысы ТМД ПАА-дан халықаралық байқаушылар тобы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық пен өткізу мониторингін саяси бейтараптық, алаламаушылық, ашықтық және сайлау процесіне араласпау қағидаттарына сүйене отырып, жүзеге асыратынына сендірді.
Сондай-ақ ТМД ПАА өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау науқанын жария ету мониторингі, сайлауды қаржыландыру, электоралдық оқыту және сайлау науқанына қатысушылардың тең құқығын қамтамасыз ету мәселелерімен танысты.
Барлық қойылған сұрақтарға ҚР ОСК мүшелері толық жауап берді.
Нұрлан Әбдіров өз кезегінде делегацияға Қазақстандағы сайлауды халықаралық байқауға тұрақты қатысатыны үшін алғыс айтып, ТМД ПАА байқаушылар тобының толыққанды және тиімді жұмысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.
Бүгінгі таңда 11 мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 97 халықаралық байқаушы аккредиттелген.

Алдыңғы пост

САРЫАҒАШТА САЙЛАУ ПРОЦЕСІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА САЙЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі