infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Сарыағаш ауданында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда  

June 30, 2022
in Экономика
0
Сарыағаш ауданында «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы тиімді жүзеге асырылуда  
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде елімізде жол мен көлік мәселесі өзекті салалардың бірі болып тұр. Бұл мәселе оттағы қазандай күн тәртібінен түсіп көрген емес. Әсіресе, Сарыағаш ауданында көлік кешенін дамытуға қатысты жаңа жобалар қолға алынып, бірқатары жүзеге асып жатыр. Жол қадірін жүріп өткен біледі дегендей биыл Сарыағаш ауданында жол мәселесі тиімді шешімін тауып жатыр. Жалпы биылғы жылы аудан бойынша 96 көшенің 112 шақырымы жөнделетін болды. Ал, оның ішінде 69 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары, 43 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілмек.  

Атап айтқанда, «Ауыл— Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде жалпы 16 көшенің 17,6 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық бюджет есебінен 20 көшенің 11,8 шақырымына және жергілікті бюджет есебінен 60 көшенің 83 шақырымына орташа және ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Жалпы аудан бойынша атқарылып жатқан жол жөндеу жұмыстарымен аудан әкімі Мұхит Отаршиев толықтай танысты. Аудан басшысы Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан 1,1 шақырымды құрайтын Өркен көшесіне асфальт төсеу жұмысының барысын көріп қайтты. Нысан құрылысымен толықтай танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме мен тиісті бөлім басшыларына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін,  әлеуметтік нысандарда істеліп жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін қадағалауды тапсырды.  

Айтып өтсек, биыл аудан бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 7,3% артып, 2022 жылы 60,3%-ға ұлғаятын болады.  

Жалпы, жол жайлы болса, көлік кідірмейді деген қазақта жақсы сөз бар. Расында, бүгінде өзекті болып отырған жол мәселесі Сарыағаш ауданындағыдай басқа өңірлерде де оң шешімін табады деп күтеміз.  

Tags: ауылбағдарламаСарыағаш
Алдыңғы пост

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ӘДЕМІ, ЕҢ ТАНЫМАЛ 7 ТЕАТРДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Келесі жаңалық

Тоқаев Татарстан президентімен кездесті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі