infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Экономика

Сағатына – 100 тонна!

25 ноября, 2022
in Экономика
0
Сағатына – 100 тонна!
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қайта еңсе тіктегеніне төрт жыл болған Мақтаарал ауданында өндіріс ошақтары көптеп бой көтеруде. Мәселен, Мақтаарал ауылдық округінің индустриалды аймағында бүгінде 12 зауыт жұмыс істеп тұр. Оның бесеуі – мақта өңдеу зауыты, төртеуі – асфальт-бетон зауыты. Бұдан бөлек күнен қуат алатын электростанса, бір құс фермасы бар. 
Таяудағы сапарымызда біз Мақтаарал ауылдық округіндегі «EL KZ-2020» ЖШС-інде болдық. Асфальт-бетон зауытының іс жүргізушісі Исатай Атасовтың айтуынша, мұнда сағатына 100 тонна асфальт дайындалады. Зауыт жылына 11 000-12 000 текше метр асфальт шығара алады.
– Ауданымыздың  өз алдына шаңырақ көтергеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Бұрын ірілендірілген аудан құрамында болған жылдары Мырзакент өңірінің қараусыз қалғаны жасырын емес. Рас, өте ауқымды ауданды игеру оңай бола қойған жоқ. Көптеген елді мекендер, оның ішінде бұрын аудан орталығы болған ауылдар тозып кетті. Құдайға шүкір, аудан қайта ашылғалы Мырзакент адам танымастай өзгерді. Қазір тозып кеткен жолдар қайта қалпына келтіріліп жатыр.
Жол – экономиканың күре тамыры. Осыны жақсы түсінген аудан әкімі Бақыт Асанов барлық елді мекендермен байланыстыратын күре жолдарды жөндеуден өткізу міндетін қойды. Бүгінде Мақтаарал ауылдық округінің өзінде төрт асфальт-бетон зауыты жұмыс істеп тұр. Демек, асфальтқа сұраныс бар деген сөз. Сондықтан біз сапалы асфальт өндіруге күш саламыз, – дейді серіктестік директоры Елдос Байысбаев.
Қазір мұнда 17 адам жұмыс істейді. Операторлар Ұлықбек Қабылбеков, Әуесхан Есенқұлов өз істерінің нағыз мамандары. Олар сапалы асфальт жасау үшін түрлі қоспаларды қаншалықты деңгейде қосу керектігін жақсы біледі.
– Келесі жылдан бастап бордюр шығару ісін де қолға алмақпыз. Өйткені, ауданда аяқжолдар көп салынып жатыр. Жол жиектері берік болуы үшін де бордюрлер керек, – дейді Исатай Атасов.
Біздің мұнда ұзақ аялдауға мүмкіндігіміз болған жоқ. Соның өзінде бірнеше жүк машинасы асфальт тиеп шығып кетіп бара жатты. Зауыттың бірқалыпты жұмыс ырғағы қоңыр күздің тоңазыған көңіл-күйіне шаттық себелеп тұрды…
Сабырбек Олжабай, «Ońtústik Qazaqstan».
Мақтаарал ауданы.
Алдыңғы пост

Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі 4 аумақта жүзеге асырылуда

Келесі жаңалық

Сауранда құрылыс қызу қарқынмен жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі