infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Серік Жұманғарин қант өндіру мен сатудың жаңа схемаларын әзірлеуді ұсынды

August 29, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылғы 27 тамызда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин отандық қант зауыттары, сала қауымдастықтары, сауда биржалары өкілдерімен, трейдерлермен және консультанттармен қант және басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және оның өсу қарқыны бойынша бірлескен шешімдерді талқылау және әзірлеу үшін кездесті. 

Талқыланған басты тақырып – баға тұрақтандыру және елде қант тапшылығын болдырмау. Кездесуде қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева атап өткендей, негізгі экспорттаушы елдердің қант экспортына қабылдаған шектеу шаралары ішкі нарықта дүрлігуге алып келді, бірақ бүгінгі таңда жағдай тұрақтанды.

«Біз бірлесіп, зауыттарды шикізатпен, ал елді осы өніммен тұрақты бағада қамтамасыз ету үшін қантты қаржыландыру, қайта өңдеуді ұйымдастыру және сату схемаларын қайта қарап, әзірлейміз. Мен мұны алдағы күндері жасауды ұсынамын», — деді Серік Жұманғарин.

Қант саласы бойынша кеңеске қатысушылар бұл ұсынысты қолдады.

Сондай-ақ бұл күні Серік Жұманғарин негізгі тамақ өнімдері өндірісінің басқа салаларының проблемалары мен даму мүмкіндіктерін талқылау үшін Ет одағының, бағбандар одағының, астық өңдеушілер одақтарының, органикалық өнім өндірушілердің және басқа да аграрлық сарапшылардың өкілдерімен кездесулер өткізді. Қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды, өндірістің әрбір бағытын пысықтау үшін қосымша кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды.

Алдыңғы пост

2026 жылға қарай Қазақстанда қант импортының үлесін 17%-ға дейін қысқарту жоспарланып отыр

Келесі жаңалық

Қазақстанда экономиканы дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш сценарийі әзірленді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі