infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Суарудың тиімді тәсілі

26 ноября, 2022
in Әлеумет
0
Суарудың тиімді тәсілі
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалар аз емес. Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі технология бойынша жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр.  Әсіресе, жаңбырлатып суару әдісінің  арқасында бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылып жатыр.

 

Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округіндегі «Жан 2004» өндірістік кооперативі бүгінде егіс алқаптарына заманауи құрылғылар орнатып, жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістеріне көшкен.

Кооператив төрағасы  Әбдісалан  Сағымбек өздеріне тиесілі 200 гектар жердің 170 гектарын Түркиядан әкелінген арнайы техника арқылы жаңбырлатып суарып жатқандықтарын айтады. Қалған 30 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданыпты. Жоба құны 105 млн. теңге болса, оның

50 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланған.

– Қазір 70 гектар алқапқа бидай егіп жатырмыз. Көктемде 100 гектар жерге жоңышқа, 30 гектарға қауын-қарбыз, пияз егуді жоспарлап отырмыз.  Бұл құрылғыларды биыл бірінші рет пайдаланбақшымыз. Бүгінде екі қондырғыны орнаттық. Тағы бір қондырғы әкелеміз. Егіс алқабына төрт құдық қазып, екі тоған жасадық.  Бұл жазық жер болған соң ағын су келмейді. Егістікпен айналысатын болсаңыз тек қана жаңбырды күтесіз. Жаңбыр болмаса, егініміз шықпай қалады. Содан бұл жер бос жатты. Ойлана келе осы жаңа технологияны сатып алуға шешім қабылдадым.  Сол себепті біз суарудың тиімді тәсіліне көшіп, су үнемдеу технологиясын орнаттық.   Қазіргі таңда егістік алқапта 12 адам жұмыс істеп жатыр, – дейді Әбдісалан Сағымбек.

Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады.  Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген шаруалардың қатары да күн санап көбейіп келеді.   Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады.  Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі