infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕЙІК

26 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Халық — теңіз, хан — кеме, заман — дауыл іспетті. Дәуірлер ағымымен ғасырлар тоғысында Тәңірден кейін сыйынарымыз да табынарымыз киесін хан көтермес халық екені аян. Ал, сол қасиетті елдің ісін адал жолмен басқару ең әуелі ар мен намыстың одан кейін туған елге деген шексіз махаббаттың жарасымды үйлесімділігі десек қателеспейміз.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық індеті әлемнің әр түкпірінде бұтағын кеңге жайып, тамырын арыға жіберген байтерек сынды өсуде. Осы бір сипаты жаман сыбайластықпен ел болып күресіп, жегі құрттай жалмауыз жемқорлықпен жұрт болып жұмыла қарсы шығу барлығымыздың Отан алдындағы, ұлт алдындағы, ең бастысы ар алдындағы атқарар борышымыз.

«Тәрбие тал бесіктен» — деп бір ұлттың болашағын бір ауыз сөзбен түйіндепті дана халқымыз. Сыбайлас жемқорлықты түп тамырынан жою үшін, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беруден және бұндай жамандыққа әрдайым батыл әрі қарсы тұруына біз үлкендер үлгі-өнегелік етуіміз керек.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы» айтылған.

Ел ісіне білек түріп, бел буған әрбір азамат халықтан қол үзіп ешқандай шыңға шыға алмайды, жалпы беттік даму жолында қарапайым халық та атқа мінген ел ағасына бағынады. Екеуара жарасымдылық өз мақсатын орындап, сыбайлас жемқорлыққа, астатөк қаржының араласуымен бітетін жұмысқа әркез жол бермеуіміз керек.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының 9- бабы 4- тарауында «Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады». Біз ең әуелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамның даму жолындағы әділетсіздіктерді жойып, күшті мен әлсіздің арасына таптық баспалдақ жасамауға күш салғанымыз абзал.

Бір мемлекеттің қарыштап дамуы, қарқынды алға басуы- қара орман халықтың бақуатты өмір кешуімен тікелей байланысты. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген аталы сөз де ойымды жеткізіп тұрғандай, ел тұтқасын ұстаған азаматтар халық мүддесінен шығатын игілікті істер атқарса, халқымыздың да оларға сенімі артып, адал ісіне ақжол тілеп, ақ батасын береріне сеніміміз мол.

Ақмарал ҰЛЫҚБЕКҚЫЗЫ,

Түркістан қалалық Пробация бөлімінің инспектор-психологы, Әділет аға лейтенанты.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ҮШ ЖЫЛДА 1760 ҚОНЫС ТОЙЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЙЕЛЕУ ҚАЖЕТ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі