infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Табысқа кенелген, алғысқа бөленген Алтынай

18 декабря, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандық Алтынай Башарқызы кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаның көмегімен өз үйінен кондитерлік цех ашқан. 
Балабақшада 10 жылдай тәрбиеші болып жұмыс істеген Алтынай бағын бизнестен де байқап көруге байлам жасап,  2019 жылы   кәсіпкерлік негіздері бойынша арнайы курс бітіріп, «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы 555 мың теңге мемлекеттік грант ұтып алған. Сол қаржыға пеш және ас үйге арналған жабдықтар сатып алып, үйінде түрлі тәтті өнімдер дайындауды қолға алады. Уақыт өте келе өз өнімдеріне деген сұраныс артып келе жатқанын байқаған кәсіпкер халық көп шоғырланған орталық жерден «Алтынай тәттілері» атты дүкен ашады.
– Бұл кәсіппен айналысып жүргеніме бес жылға жуықтады. Төртінші қызыма декреттік демалысқа шыққанда үйде отырып торт пісіріп, тапсырыс қабылдап жүрдім. Осылай тәттілер пісіруге деген қызығушылығым ояна бастады. Өзімнің машықтанған кәсібім болған соң мемлекеттік бағдарламаны пайдалана отырып, осы істі түбегейлі қолға алғанды жөн көрдім. Содан балабақшадан заңды түрде жұмыстан шығып, үйдің жанынан цех аштым. Осыдан бір жыл бұрын кәсіпкерлерді қолдау қорынан көпбалалы ана ретінде 4 пайызбен 4 млн. теңге несие алдым. Ол ақшаға «Алтынай тәттілері» кондитерлік өнімдер  дүкенін ашып,  қажетті құрал-жабдықтар мен техника сатып алдым, – дейді Алтынай Башарқызы.
Цехта торт, тәтті нан, кекс, тоқаш, самса сияқты кондитерлік өнімнің түр-түрі шығарылады. Тапсырысқа қарай өнім түрлері де көбейіп отырады. Кәсіпкер әзірше 12-15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта аудан орталығынан тағы бір дүкен ашуды жоспарлануда.
– Ыстық жерде тұрып, ыстық пеште торт пісіру  оңай емес.  Алайда, бізді тұтынушылардың алғысы шабыттандырады. Біздің өнімге деген сұраныс жоғары болуының себебі, өнім дайындауда тек қана таза қосындыларды қолданамыз. Және бағасы да қолжетімді, –  дейді кәсіпкер.
Алтынай кәсіпкер болғысы келетін қыз-келіншектерге  тәуекелге барудан қорықпау керек екенін айтады. «Жаның қалаған іспен айналысу адамға бақыт сыйлайды. Ісің де алға басады. Әрекетке – берекет. Бастапқыда кедергілер өте көп болады. Қиыншылыққа мойынсұнбай, бастаған істі соңына дейін апару керек» деген ол осылайша өзінің сүйген кәсібінің арқасында алғыс та алып, табысқа да кенеліп отыр. Тәттілері тіл үйірген көп балалы ананың жұмысына біз де сәттілік тілеп қайттық.

Айта кетейік, жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Түркістан қаласында 2022 жылы 3155 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтамасыз ету көзделсе, жылдың 6 айында Түркістан қалалық жұмыспен қамты орталығында ресми жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 1354 азамат экономиканың түрлі салалары бойынша  тұрақты бос жұмыс орындарына жолданған.Ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекет басшысы басты назарда ұстайтын ұлттық жобалардың бірі – әлеуметтік салаға қарасты «кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын әлеуметтік саланың әлеуеті артып, жұмыссыздықпен күресу үшін әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі іске асып келеді. Ондағы негізгі мақсат – еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Ұлттық жобаның түпкі мақсаты да осы. Жұмыссыздықты жою – бүгінгі күннің басты мәселесі.

Түркістан қаласының еңбек индикаторына талдау жүргізсек, экономикалық белсенділігі жоғары тұрғындар қатарындағы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,5 пайызды құрап отыр. Жұмыссыздық санатындағы тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында қала әкімінің бекіткен ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары негізінде, халықты жұмыспен қамту орталығының сүйемелдеуімен ағымдағы жылдың І-жарты жылдығында жүйелі жұмыстар іске асырылды. Нақтылай кетсек, Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгінген 4695 азамат ұлттық жобаның «Еңбек» бағытына тартылып, нәтижелі жұмыспен қамтылған.

Алдыңғы пост

Сенім бар жерде табыс бар

Келесі жаңалық

«Мені мұратқа жеткізген адал еңбек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі