infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қазақстан

Тоқаев жаңа заңға қол қойды

June 21, 2022
in Қазақстан
0
Тоқаев жаңа заңға қол қойды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаев зияткерлік меншік туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген құжатта.

Маусым айының басында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев аталған заң жобасы зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көз­дейтінін баса айтты.

«Бұл заң жобасы зияткерлік меншік құқығын жетілдіруді көз­дей­ді. Құжатта зияткерлік мен­шік құқық­тары мен өнеркәсіптік меншік объекті­лерін қорғауды күшейту мәселесі қарасты­рыл­ған. Заң жобасында ұлттық заңнаманы осы саладағы халықаралық ұстаным мен тәжірибелердің ережелерімен сәйкестендіруге қатысты нормалар да бар. Сондай-ақ енгізілген нормалар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу аясын кеңейтуге бағытталып отыр. Алдағы уақытта осы заң елімізде зияткерлік меншік нарығын дамытуға, азаматтарымыздың құқықтарын қам­тамасыз етуге өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Жалпы қабылданған заң уәкілетті органда, сараптама ұйы­мында және соттарда өтініш берушілер мен құқық иелену­шілердің мүдделерін көздейтін патенттік сенім білдірілген өкілдер институтын жетілдіруге арналған. Сондай-ақ, заң консультанттары мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне енгізіледі. Сол арқылы халықтың осал топтары өкілдерінің заң көмегін тегін алу мүмкіндігі пайда болады.

Tags: заңменшікТоқаев
Алдыңғы пост

Адвокат: «Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша іздеуде жүрген нигериялық ұсталды»

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН – РУХАНИ-МӘДЕНИ ДАМУ ЖОЛЫНДА

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі