infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады

25 ноября, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

САУРАН СЕКТОРЫНДАҒЫ САН ҚИЛЫ ЖОБАЛАР

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінде  «Сауран» секторының тұрғындарымен кездесті. Сөз басында шаһар басшысы өткен кездесулерде айтылған мәселелер мен нәтижелерге тоқталып, шағын баяндама жасады. Ал көшпелі кездесудің негізгі бөлімі халықпен диалогқа ұласып, еркін алаңда бірнеше ұсыныстар мен өтініштер айтылды. Атап айтсақ, сұрақ-жауап бөлімінде сектор аумағындағы елді мекендердегі тазалық, электр бағаналарын ауыстыру, көшелерге асфальт төсеу, қалалық маршруттар бағытын ретке келтіру секілді бірқатар мәселелер қозғалды.

— Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады. Сол себепті түсіністікпен, сабырмен қарауға шақырамын. Жалпы көтерілген барлық мәселені алдағы уақытта  міндетті түрде басшылыққа ала отырып, орындауға тырысатын боламыз. Әсіресе, қаламыздағы электр бағаналардың 70%-ы ескірген. Апатты жағдайда болған электр бағаналар болса, оларды жедел ауыстыруға тапсырма беремін – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

«Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды. Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды.           Көшпелі кездесу соңында қала басшысы «Сауран» секторының тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Осыған орай, жауапты мамандарға мәселелерді оңтайлы шешуді жүктеді.

 

ЯССЫДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

 

Бұдан әрі шаһар басшысы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде «Яссы» алабының тұрғындарымен кездесті. Баяндама барысында әкім өткен тоқсанда айтылған өтініштер бойынша орындалмаған жұмыстар келер жылдар еншісіне қалатынын баса айтты. Сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстар легімен таныстырды.

— Қала бойынша бірінші кезектегі мәселелер – көшелеріміз. Атап айтсақ, қалада 875 шақырымды құрайтын 845 көше болса, соның 30%-ы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Бұл бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Топырақ жолдарға тас төсеу, кәріз жүйелерін жұмыстарын жүргізу, ауыз су мәселелері бойынша бірқатар жобалар қолға алынды. Қоғамдық көліктер де жаңартылуда. Толығырақ айтсақ, алдағы жылдың соңына дейін қаланы 100% жаңа көліктермен қамтамасыз ету жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 78 көлік жаңартылса, жыл соңына қарай тағы 46 көлік келеді деп күтілуде – деді шаһар басшысы. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі кездесуде «Яссы» тұрғындар алқабында 47 мәселе көтеріліп, олардың көпшілігі оң шешімін тапқан. Өзекті мәселенің 35-і орындалды. Жетеуі жүзеге асырылуда.   Бес тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.

«Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.

Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды. Сондай-ақ, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды. «Яссы» секторындағы қала әкімімен кездесу соңы әдеттегідей жеке қабылдауға жалғасып, тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерге жауап алды.

 

Алдыңғы пост

Түркістан қаласындағы мектепте күн электр станциясы орнатылды

Келесі жаңалық

Түркі әлемінің орталығына 17 жоба ұсынылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі