infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістандағы келелі кездесу

18 октября, 2022
in Әлеумет
0
Түркістандағы келелі кездесу
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарымен және қалалық, аудандық мәслихат хатшылары мен тұрақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен кездесу өтті.

        Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінен оның бір топ мүшелері: Б.Әйтімова, Қ.Айтаханов, С.Джаксыбеков, С.Джалмагамбетова, С.Жалыбин, М.Копеев, С.Плотников, О.Рахманбердиев, Қ.Сұлтанов, Ә.Құртаев, Ж.Турегельдинов қатысты.

Жиынды ашқан облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев  арнайы сапармен келген Сенаторлар кеңесіне алғысын жеткізе отырып, Түркістанның даму тарихы мен елдегі жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталып өтті.

Ол өз сөзінде: «Еліміздегі іске асырылып жатқан реформалар биліктің барлық тармақтары арасындағы өкілеттіктер мен құзыреттердің барынша оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруды көздейді. Президентіміз айтқандай, суперпрезиденттік басқару формасынан қуатты Парламенті, есеп беретін Үкіметі бар президенттік басқару моделіне көшу – мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізі болары сөзсіз. Өйткені, соңғы кезде орын алған коронавирус пандемиясы, қаңтар оқиғасы, түрлі төтенше жағдайлар осы жағдайларға жедел жауап қатуды шектейтін заң қабылдау ісіндегі бірқатар кемшіліктердің бетін ашты. Сондықтан, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Конституция заманымыздың түрлі тәуекелдеріне шұғыл ден қою қажеттілігіне  бағытталған деуімізге де болады. Бұл тұста, еліміздегі сайлау жүйесіне, оның ішінде әкімдерді сайлау рәсімдеріне, Парламенттің рөлін арттыруға, әсіресе, төменгі Палата болып табылатын Мәжілістің өкілеттігін кеңейтуге, Парламентке республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуге қатысты қабылданған реформалар – халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуын кеңейтуге,  азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»,-деп айтып өтті.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әйтімова және кеңес мүшелері Қ.Сұлтанов, М.Көпеев «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңына және елдегі оң өзгерістер мен қолға алынған бастамаларға, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге байланысты пікірлерін білдірді.

Жалпы, Қасиетті Ясауи кесенесінің маңында өткен кездесуде жақсы идеялар, пікірлер мен ұсыныстар айтылып, алдағы іске асырылатын жұмыстар талқыланды.

Алдыңғы пост

Ақ алтынды жинау науқаны қызу жүруде

Келесі жаңалық

400 АДАМДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН АВТОБӨЛШЕК САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі