ТҮРКІСТАНДА АЯЛДАМАЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
22
Түркістан қаласында жол сапасын арттыру, жолаушылар жағдайын жақсартуда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда жол саласы бойынша көтерілген мәселелерінде қала аумағына аялдамалардың тапшы екендігі айтылған болатын.
Шаһар басшысы айтылған сауалдар бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріп, жұмыстардың жүргізілуін тікелей бақылауына алды.
Қазіргі таңда, аталған мәселе бойынша қалада 85 аялдамаға артты.
Олар: Тыныштықұлов, Б.Майлин, С.Марайым, С. Ерубаев, Қазыбек би, С.Талқанбаев, Тәуке Хан даңғылы,
О. Жандосов көшелерінде жасақталды.
Одан бөлек, Т.Нышанов, Шекті тілеу Жолдаяқ, О. Жармұханбетов, Тараз, Ж.Майкотов, Қожа Ахмет Ясауи, Т.Бокин, Саққорған, Шойымбет би көшелерінде де қойылды.

Leave a reply