Түркістанда балалар ойын алаңшалары жасақталуда

0
90
Шаһар басшысының секторлардағы соңғы кездесуінде 137 мәселе анықталып, әр сектордағы тапсырмалардың жүзеге асуы қадағалануда.
Алты сектордың бірі — «Яссы» секторында орталық басшысы тұрғындар сауалдарына сәйкес — 13 тапсырма берген болатын. Тапсырмалардың алтауы орындалды, алтауы орындалу үстінде.
Нәтижесінде, аталған сектордағы Тұран ауылы мен Оралман ауылының Саққорған көшесінде балалар ойын алаңшалары жасақталуда.
Шатқал аумағында «Шығармашылық саябағының» құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Инфрақұрылым саласы бойынша: Әл- Фараби, А.Юсупов, Ғ.Мұратбаев, Ю.Гагарин, Тұран ауылы, Әйтеке би, Ғ.Мүсірепов көшелерінің аумақтарында кәріз жүйесі тартылуда. Жүйе жұмысы аяқталғанда алаптың кәріз жүйесімен қамтылуы — 95%-ға жетеді.
Сонымен қатар, 42 көшеге толықтай асфальт басылды, 21 көшеге тас төсеу жұмыстары жасалуда. Одан бөлек, 21 көшеге жаяу жүргінші жолы төселген, 152 көшеге жарықтандыру жүргізілген.

Leave a reply