infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАНДА «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

8 декабря, 2022
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА «ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ» ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
0
SHARES
26
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістандағы «Фараб» кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев және оның дәуірі» танымдық конференциясы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері, ел ағалары мен жастар қатысты. Қонақтар «Алты алаштың Алатауы» атты кітап көрмесін және «Оңтүстікфильм» мекемесінің деректі фильмін тамашалады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті мемлекет қайраткері туралы ой қозғап, конферецния жұмысына сәттілік тіледі.

 

– Қазақ халқының жарқын болашағы үшін аянбай еңбек тұлғалардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Парасаты биік тұлға ұлтқа қызмет етудің үлгісін көрсете білді. Көркем мінезімен, қарапайым болмысымен, аңызға айналған адалдығымен ел жүрегінде мәңгі қалды. Жоғары жауапкершілік пен терең білімінің арқасында өнеге болған еңбек жолында халықтың қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік тудырды. Сол уақыттарда да біздің өңірге де өзгеше серпін беріп, игілікті істер атқарды. Дінмұхамед Ахметұлы Түркістанға келген сайын Ясауи кесенесіне барып құран бағыштауды әдетке айналдырған екен. Бүгінгі Түркістанды дамыту жұмыстары сол уақыттардағы қасиетті қаламызға деген ерекше қамқорлықтың заңды жалғасы деп білемін. Сондықтан бұл шараның қасиетті қаламыздың төрінде өтуі, – заңдылық деді Дархан Сатыбалды.

 

Конференцияны еңбек ардагері Исмат Тұрсынқұлов жүргізіп отырды. Жиында қоғам қайраткерінің мемлекетті дамыту жолында атқарған істері, азаматтық болмысы кеңінен сөз болды. Белгілі журналист, «Қонаевтанушы» Ораз Қауғабаев «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың он екі қасиеті және Қонаевты ұлықтаудың жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Тұлғаның адалдығы, қолы мен ары таза болғанына тоқталып, қайраткердің туған күні және өмірден өткен күніне орай еске алу және танымдық іс-шаралар өткізуді ұсынды.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, академик Оразалы Сәбден Дінмұхамед Ахметұлының инженерлер мен ғалымдар, жұмысшылар легін даярлап шығудағы ерен еңбегін атап өтті. Көшбасшы атында мемлекеттік сыйлық тағайындалса деген ұсынысын жеткізді. Ал Д.А.Қонаевтың кеңесшісі болған, генарал-лейтенант Аманкелді Шабдарбаев Димаш атаның қазақ қаламгерлеріне, руханиятына, жастарына қорған болғаны туралы тың деректерді тілге тиек етсе, өзге де еңбек ардагерлері мен қатысушылар естеліктер айтты. Елге көшбасшы болған азаматтың ел есінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

 

Жиында Халықаралық Д.Қонаев қоғамдық қорының президенті Эльдар Қонаев бірнеше азаматқа Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған орденді тапсырды.

 

Түркістан төріндегі келелі мәжілісте айтылған түрлі ұсыныстар мен көтерілген бастамалар конференцияның хаттамасына енгізілді.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

___

Алдыңғы пост

Облыс әкімінің 100 күні: жұмыс пен жоспар

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі