infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАНДА ЕГІЛГЕН АҒАШ 90 МЫҢНАН АСТЫ

18 декабря, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында он күнге жалғасатын «ОТБАСЫҢМЕН ОН ТАЛ ЕК» отбасылық эко-акциясы бастау алды. Акцияға қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, зиялылар, ардагерлер және қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жасыл желекке жанұямен үлес қосуда белсенділік танытқан тұрғындарға шынайы ризашылығын білдіріп:

— Бүгінгі шара арқылы біз жасыл желек аумағын арттыруды ғана көздеген жоқпыз. Отбасылар арасында ортақ мүддеге жұмылуды, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды да мақсат тұттық. Түркістан — рухани астана! Қаламыздың тазалығы Сіздер мен бізге сын. Қоршаған ортаны ластамау — азаматтық ұстанымымызға, жасыл қалаға айналдыру негізгі міндетімізге айналуы тиіс, — деді.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Құлбайымбетов игі іске жиналған қауымға батасын берсе, ерікті жастар атынан сөз алған Абдрашит Жасұлан қаланы көркейту мен көгалдандыру бағытындағы мәнді шара үшін ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Акция аясында қалалықтар «Самал», «Отырар», 1,2 мөлтек аудандарында және Түркістан-Қызылорда тас жолы бойына 20 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Қоғамдық шараға белсенді қатысқан отбасыларға мен тал егуге ат салысқан бүлдіршіндерге сый-сияпаттар үлестірілді. Сонымен қатар, балаларға арнайы келген ертегі кейіпкерлері мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жалпы бүгінге дейін Түркістан қаласында абаттандыру мекемелері арқылы және кәсіпкерлердің демеушілігімен егілген ағаш көшеттері 90 мыңнан асты.

Алдыңғы пост

“ТҮРКІСТАН-ТӘУЛІК САЙЫН ТҮРЛЕНІП ЖАТЫР…”

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАЛПЫ 38 220 АБОНЕНТТІҢ ІШІНДЕ 37 455 АБОНЕНТІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі