infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ

22 июля, 2022
in Басты жаңалықтар, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРДІ
0
SHARES
39
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Түркістанда жаңа заман талаптарына сай жабдықталып, 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығы салынды. «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен бой көтерген медициналық станция 25 бригадаға арналған. Инвестиция көлемі — 1,4 млрд теңге. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін орталықтың жұмысымен танысты.
Заманауи үлгіде жасақталған орталықта жедел жәрдем автокөліктері шақыртуларға дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін дефибриллятор, кардиостимулятор, кардиоверсия, кардиомонитор, электрокардиограф, ИВЛ аппараттарымен, оттегімен және электрлік, механикалық сорғыш аппараттарымен қамтылған. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 — ға жуық шақыруға шыға алады.


— Түркістан облысында медицина саласында істеліп жатқан жұмыстар жеткілікті. Жаңа нысандар салынып, дәрігерлердің біліктілігін арттырып, цифрландыру, жедел жәрдем көліктерімен қамту жұмыстары өз ретімен жүргізіліп келеді. Бұл, өз кезегінде, өңіріміздегі аталған саланың одан әрі дамып, өркендеуіне жол ашады деп білемін. Жаңа жедел жәрдем станциясына инвестиция салған «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорнына» ризашылығымызды білдіреміз. Түркістанда халықаралық стандарттарға сай заманауи емдеу орталықтары жұмыс істейтін болады, — деді Өмірзақ Шөкеев.
Жедел жәрдем стансасы 4 категориялық санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Орталықта сондай-ақ АҚШ-та біліктілігін арттырған облыс мамандары қызмет көрсетеді. Жалпы облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадалары шақыртуларға қызмет атқарады. Өңір қажеттілігі 96 пайызға қамтылған. Облыста жедел жәрдем қызметінің кластері құрылып, ауылдық және қалалық жедел жәрдем қызметтері орталықтандырылған. Нәтижесінде науқастарға жету уақыты барынша азайып, қызмет көрсеру сапасы айтарлықтай артты.
Түркістан қаласында медицина саласын дамытуға күш салынуда. Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауымен «Ана мен бала орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Алдыңғы пост

21 жастағы жігіт үш жылқыға соқтығысып қаза тапты (фото)

Келесі жаңалық

Ағайынды Нығматулиндер қазір қайда жүр?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі