infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ

January 24, 2023
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда тұрғын үй саласына инвестиция салуға қызығушылық білдіргендер саны артып отыр. Жақын уақытта заманауи кешендер көбеймек. Түркістанның тұрғын үй нарығына кіруді жоспарлаған «BI Group» холдингі облыс орталығында заманауи тұрғын үй кешендерін салмақ. Дайын баспаналардың несиелік және мемлекеттік бағдарламалармен берілуі қарастылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «BI Group» холдингінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар жобалармен танысты. Қажетті өзгертулер енгізіп, салынған үйлердің сапасына мән беруді басты назарда ұстауды міндеттеді.
Еуропалық брендтермен тығыз жұмыс істейтінін айтқан компания өкілдері инфрақұрылымға басты аса мән беретіндерін жеткізді. Құрылыста ең сапалы құрылыс материалдары пайдаланатынын атап өтті. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының сүйемелдеуімен немесе бірлесіп жобаны іске асыру мәселесі қарастырылуда. Жаңа баспаналар қаладағы әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтереді.
– Ең басты талап – сапа. Инфрақұрылымға баса мән беру керек. Абаттандыру да назардан тыс қалмайды. Балаларға арналған алаңшалардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлу керек. Сапалы, қолжетімді, халыққа жайлы баспана салу бағытында Түркістанда түрлі жоба-жоспарлар жүзеге асады. Оның барысы қатаң бақылауда болады, – деді облыс әкімі.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде жүзеге асатын жаңа жобалармен танысу бойынша апта сайын басқосулар өтіп жатыр. Оның барысында Түркістанның кешенді дамуына бағытталған жаңа жобалар талқылануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙ АУДАНДАРДА МӘДЕНИЕТ, БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАНДАНАДЫ

Келесі жаңалық

Акция басталғалы шетелдік 102 көлікке қазақстандық нөмір беріліп, тіркеуден өтті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі