infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда тұрғын үй құрылысы бәсеңдемейді

25 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд. теңгеге жуықтады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 365,8 мың шаршы метр немесе жоспардан 61,6 мың шаршы метрге артық атқарылған. Оның ішінде халық қаржысына салынғаны 272,4 мың шаршы метрді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,5% болып қалыптасты.

I тоқсанның қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы жалпы өңірлік өнім 656,6 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейінгі меже 3,3 трлн. теңге құрайды деп күтілуде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жоспардан артық орындалып, 460,6 млрд. теңгені 101,4% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құрады. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, жыл басынан бері инвестиция көлемі 299,3 млрд. теңгеге жетті.

Жалпы сауда көлемі 181,1 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,8 % құрады. Тасылған жүк көлемі 55 млн. тн. жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңге 101,4%-ды құрады (ҚР – 98,2%, 5 орын). Байланыс қызметінің көлемі 4,3 млрд. теңгені, немесе өсім +8,8% құрады (ҚР – 106,5%, 3 орын). Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі тұрақты бақылауда.

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында бүгінгі таңда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау 2020 жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Әкімшілік-іскерлік орталықтан 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Сондай-ақ, 7 қабатты 15 тұрғын үйдің бірінші қабатын қалау, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің іргетасын құю жұмыстары жүруде. Аталған үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. «Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары ағымдағы жылы ел игілігіне берілетін болады.

Бұдан өзге, облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Қ.А.Ясауи» кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.

Алдыңғы пост

Түркістан қаласында олимпиадалық резерв мектебі салынуда

Келесі жаңалық

Әлеуметтік қолдауға мұқтаж 4 отбасы баспаналы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі