infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда шығыстық нақыштағы ислам орталығы бой көтеруде

25 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Құрылыс жұмыстарын күшейтуді жүктеді. Сапаны басты назарға алуды міндеттеді.
Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 мың шаршы метр. Мешіт құрылысының монолит құю жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыс нақышында жүргізілген. Жоба жан-жақты зерделеніп, әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген.
Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды жеке инвесторлар есебінен бой көтерген жаңа нысандардың құрылыс барысымен танысты. «Medina Plaza» қонақүйінің құрылысы аяқталуға жақын. Облыс әкімі «Базис» бизнес орталығы мен спорттық сауықтық кешенінің құрылысын күшейтуге талап қойды.
Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Қылует» рухани орталығының құрылыс алаңында болды. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынады. Сауапты істің құрылысына байланысты арнайы есепшот ашылып, оған кез келген адам үлес қоса алады.
Дархан Сатыбалды игі бастаманың маңыздылығына тоқталды. Сәулеті мен маңызы ерекше нысанның облыстың руханиятына оң серпін беретінін айтты. 0,86 гектар аумақта орналасқан рухани орталықтың көлемі – 2300 шаршы метр. Жерасты мешітінің қасынан бой көтеретін медресенің аумағы – 1282,8 шаршы метр. Қарилар мен болашақ дін ғұламаларын даярлайтын медресе де 2022 жылы тапсырылады деп жоспарланған.
Бұл мешіттің тарихы тереңде жатыр. Түркістанда XIX ғасырдың екінші жартысында (1864-1865 жж.) салынған «Қылует» мешіті болған. Мешіт ғимараты 1960 жылы бұзылып, орнына бір күмбезді жаңа мешіт бой көтерген. Кейін келушілердің көбеюіне байланысты 1980 жылы толық сүріліп, қайта салынған. 2020 жылы мешіт жарамсыз деп танылып, бұзылған. Қазіргі таңда мешіттің Түркістан қаласы үшін тарихи маңыздылығы ескеріле отырып, 500 адамға лайықталып, қайта салу жұмысы басталды. Сондай-ақ мешіт аумағында заманауи оқу орны – медресе, яғни, қарилар дайындау орталығы да бой көтермек.
Алдыңғы пост

Түркістан көшелерінің 45% жарықтандырылған

Келесі жаңалық

Түркістандық теміржолшылармен кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі