infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістанда ішкі тұрақтылық басты назарда

13 декабря, 2022
in Әлеумет
0
Ішкі тұрақтылық бәрінен де маңызды
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстан 2030» статегиясында ішкі тұрақтылықтың аса маңызды екеніне тоқталып: «Тату көршілік бірінші кезектегі міндет, алайда, елдi iшкi алауыздық жайласа, ол шешiлмейдi. Егер әр түрлi топтар оларды мүдделердiң – саяси, идеология, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердiң бiрiктiретiнiне қарамастан, қарама-қарсылық күйде болса, бұл халықты ортақ игiлiкке қол жеткiзу мен өзiнiң ұлттық мүдделерiн iске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауiптi жағдайға әкеп соғады. Бiрлiкке апаратын жолдағы бұрынғы кедергiлердi жойып, әдетке, құштарлыққа, ерекше мүдделерге, дiнге, жас қарайластығына немесе басқа факторлардың қайсысына негiзделгенiне қарамастан, жаңа кедергiлерді болдырмау – біздiң мiндетiмiз. Диалогтың ықтимал барлық нысандарын көтермелеу, сондай-ақ адамдар арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты күшейту арқылы бiз бiртiндеп ұлттық ынтымағымызды нығайтып, ұлттық әлеуетiмiздi ұлғайтамыз»,- деп елбасы атап өтіп, мынадай нақты шешімдерін көрсеткен болатын:

– елiмiздiң барлық азаматтары үшiн мүмкiндiктердiң теңдiгiне негiзделген бiрыңғай азаматтығымызды дамытатынымызға кепiлдiк беру;

– этникалық түсiнiспеушiлiк себептерiнiң жойылуын, барлық этникалық топтар құқықтарының, тең болуын қамтамасыз ету;

– қоғамымыздағы дәулеттiлер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайту және ауыл проблемасына үнемi ерекше көңiл бөлу;

– өтпелi және кейiнгi кезеңдерде пайда болатын әлеуметтiк проблемаларды ұдайы шешiп отыру;

– ұзақ мерзiмдi болашақта саяси тұрақтылықты да, қоғамның топтасуын да қамтамасыз ететiн бай Қазақстанды барынша жiгерлi түрде қалыптастыру;

– адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту;

– әр түрлi конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзiмдiлiк пен сенiмдi қарым-қатынастарды нығайту.

Осы бағыттарды негізге ала отырып, Түркістан қаласында ішкі тұрақтылықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеу шаралары қолға алынған.

Жақында  Түркістан қаласы прокурорының жанындағы ведомствоаралық жиналыста мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен қала аумағында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұлтараздықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Жиында қала аумағындағы әлеуметтік шиеленіс тудыруы ықтимал мәселелердің себептері және оларды шешу жолдары, сондай-ақ ұлтараздық жанжалдардың алдын алу бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалды.

2019 жылдан бері өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында қала прокуратурасының бастамасымен қала әкімдігі тұрақты түрде Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жүргізеді.

Жыл басынан картаға 18 мәселе енгізілсе, бүгінгі таңда олардың 12-сі шешімін тапқан.

Жиналыс қорытындысы бойынша қала прокуроры аталған бағыттарда жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берді.

Алдыңғы пост

Түркістандық өнімдерге сұраныс жоғары

Келесі жаңалық

Көпсалалы кешен Түркістанның көзайымы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі