infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістанда әр түрлі жастағы туристер үшін бірегей турлар ұйымдастырылуда

7 декабря, 2022
in Әлеумет
0
Түркістанда әр түрлі жастағы туристер үшін бірегей турлар ұйымдастырылуда
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Түркістан – мемлекетіміздің алтын бесігі. Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді»,- деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы Түркістан қаласының туристік, экономикалық әлеуеті зор екенін және оны дамытудың маңызды екенін айтып келеді.

Бұған дейін туристер Түркістанның атын күллі әлемге әйгілі еткен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі тәу етуге келген болса, қазіргі таңда түрленген шаһар қонақтарын таңқалдырмай қоймайды. Бүгінгі Түркістан жас баладан еңкейген қарияға дейін қабылдауға дайын. Сонымен Түркістанға келе қалсаңыз, қайда барған жөн?

2022 жылдың қараша айынан бастап Түркістан облысында әр түрлі жастағы туристер үшін жаңа бірегей турлар Қ.А. Яссауи кесенесінің жанындағы визит орталығында ұйымдастырылуда:

1) Тандырда нан пісіруге арналған гастрономиялық тур.

Кәсіби наубайшының бақылауымен туристер әртүрлі нандарды өздері даярлайды. Оған қоса пісіру кезіндегі пішімін өздері таңдап, тіпті есімдерін жаза алады. Ал, тағы да әрлеу үшін (күнжіт, зира және т.б.) қалауы бойынша қоса алады. Пісіргеннен кейін туристерге нанмен бірге шай және түрлі кондитерлік қоспалар (май, қаймақ, бал және т.б.) беріледі.

2) Қалалық автобус туры.

Экскурсияға мәдени-рухани орталықтан тыс, аз танымал бірақ тарихи маңызы бар  туристік орындар кіреді. Маршрут Түркістан қаласының базарынан басталып, теміржол вокзалына, «Түркістан Арена» стадионына, жергілікті тұрғынын Разия апайдың үйінде жалғасып, Жәмилә апайдың кәдесый дүкеніне барып, Farab кітапханасында аяқталады.

3) Тарихты заманауи танымдық форматта зерттеу туры.

Тур «Жеті ата қақпадан» бастау алып, қатысушылар ортағасырлық қаланың тарихы мен оның қорғаныс құрылыстары туралы мәліметтермен танысады. Содан соң, ортағасырлық «Сарбаздар эстафетасы» магистралі арқылы өтіп, Қазақ хандығының пайда болуы, хан, би, батырлардың рөлі мен маңызы туралы біледі. Сосын қатысушылар хан сайланған ордаға барып, сұрақтар қою арқылы квест ойнайды. Кейіннен хан, би, батырлардың атрибуттарын іздеп Qazaqsha триатлонға барады, онда дәстүрлі қазақ ойындарын экспресс форматта ойнап, артынша «Шаңырақ көтеруде» киіз үй орнатып, музыкалық аспаптарында ойнау және музыкалық композиция жасау мүмкіндігі бар «Көңіл Күй»станциясында тур аяқталады.

Барлық станцияларды өту кезінде қатысушылар челледждерді орындап, әлеуметтік желілерде бөлісе алады.

4) Квест -тур- бұл турда турист Түркісттаның бір бөлшегін өзімен естелік ретінде алып кете алады. Ол кішкентай естелік дүкендегі ең дәмді самса немесе кесенедегі ең ұтымды фондағы фотосурет болуы мүмкін. Қатысушыларға квест түрінде әр түрлі тапсырмалар беріледі, оны өту кезінде туристтерге бонустар үлестіреді. Жиналған бонустармен туристер жергілікті шағын кәсіпкерлерден қызмет/тауар сатып алады.

5) TurKIDStan балалар арналған.археологиялық лагерь. Мұнда кішкентайлар ойын-сауық әрі танымдық форматта осы өңірдің тарихы, археологиясы және мәдениетіне саяхаттайды. Лагерьде балаларға тарихшы-археологтың шеберлік сабағымен қоса  археологиялық қазбаларға қатысу мүмкіндігі бар. Осы турдың бағдарламасы екі форматта: отбасылық демалыс бағдарламасы жылдың 9-ыншы айында (1 сәуір мен 1 желтоқсан аралығында) және жазғы/күзгі демалыстар кезіне арналған апталық (толық) демалыс бағдарламасы өткізіледі.

6) Skill up Yurt бұл тур қолөнершілер галереясы мен қоса халықтық тұрмыстық бұйымдарының жасалуы туралы да дәрістері қамтиды. Ежелгі заттардың (кілемдер, сандықтар, тұрмыстық заттар) галереясы тұрақты түрде өткізіледі, ал 5 желтоқсаннан бастап Түркістан қаласының визит орталығында сұраныс бойынша келесі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады:

Жиенбекова Айнұрмен бірге ұлттық киім тігу;

Түркістанның қолөнер шебері Мереке Ардашпен бірге «Басқұр тігу» кілем тоқу;

Кілем коллекционері Дана Эриктен этнографиялық артефакттерді кілем символикасынан оқу;

Зерттеуші, тарихи реконструктор Данияр Байдаралыдан батырлардың әскери киім-кешек түрлерімен танысу;

Гидтерден эпиграфиялық декор бойынша сабақтар алуға қатыса алады.

Алдыңғы пост

Рухани шаһарда барлық салада өсім бар

Келесі жаңалық

Түркістанда саябақтардың қатары артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі