infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістанда 4844 адам жұмыспен қамтылды

November 29, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан қаласында 9 айда қандай жұмыстар атқарылды
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бүгінге дейін аталмыш бағдарлама аясында 4844 адам жұмыспен қамтылды», — дейді сала мамандары.

Тарқатып айтар болсақ, қазіргі таңда 2500 адам тұрақты жұмыс орындарына, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 804 адам қоғамдық жұмыс орындарына жолдама алды. 363 жас маман жастар практикасымен жұмысқа орналасты. 24 тұрғын мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашуға кірісті. 35 адамға алғашқы жұмыс орындарына жолдама берілді. Сонымен қатар, 992 адам бастау бизнес жобасына қатысты.

Соңғы уақытта дәл осы бизнес бастау жобасына көптеген өзгерістер енгізілуде. Солардың бірқатарына тоқталсақ. Мәселен, сала мамандары мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн, 200 мың теңге алудың жолдары жеңілдегенін айтады. Кәсібін ары қарай дөңгелеткісі келетін  азаматтар бұдан былай 21 күн емес, бар болғаны 1 аптаның ішінде “Бастау бизнес” жобасы аясында білім ала алады. Сондай-ақ, оларға енді  құжат арқалап кеңсе аралаудың қажеті жоқ. Мұндай шаралардың барлығын бизнес.enbek.kz порталы арқылы онлайн форматта, үйден шықпай-ақ атқаратын болады.

Содан кейін кәсібін ашқысы келетін дәрістеріне де онлайн қатысып, мамандардан кеңес ала алады. Оқуды аяқтағандар тест сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап беретін болса, 3 жылға жарамды сертификатты иеленеді. Ал, бұл сынақтан өте алмай қалғандарға 1 жыл ішінде тесті қайта тапсыруға мүмкіндік бар.

Түркістан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Ақмарал Жолаеваның мәлімдеуінше,«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. Ал биылғы жылы кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі жоспар көрсеткіші еселеніп, 360 азаматты онлайн форматында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және 273 азаматтың бизнес идеяларын қаржыландыру көзделіп отыр.

Яғни, биыл жыл соңына дейін 273 адам кәсіпкерлік бағытта білім беріліп, мемлекеттік грантты қалай қатысуға болатыны жөнінде кеңес айтылады. Үміткерлер үшке бөліп оқытылады. Жобаға қатысуға 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері,атаулы әлеуметтік көмек алушылар,мүгедектер,өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар өтініш бере алады.

Алдыңғы пост

Жұмыспен қамту жанданып келеді

Келесі жаңалық

Киелі шаһарға келушілердің қатары көбейген

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі