infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Таным

Түркістандық білім мекемелері 3 бағытта жұмыс істейді

25 ноября, 2022
in Таным
0
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен инклюзивтік білім беру моделін құру мақсатында 150-ден астам кітап үлестірілді. “Ерекше балалар. Мінез-құлық қолданбалы талдауға кіріспе” атты оқулық ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізетін мамандарға, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған. Кітап шетелдік білікті психологтар мен сарапшылардың еңбегінен қазақ тіліне аударылған.

Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева, салаға жауапты басқарма басшыларының орынбасарлары Н.Нұрлыбаев және Н.Нұрашов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының өкілдері қатысты.

«AMANAT» партиясының “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аясында акциялар өткізіп, нәтижелі істерді атқарып келеді. Мәселен, кедергісіз орта қалыптастыру бойынша облыстық партия филиалы 260 нысанға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай емес объектілерді анықтап, олардың талаптарға сай болуына атсалысты. «AMANAT» партиясы «Болашақ» корпаративтік фондымен бірге Ольга Мелешкевич пен Юлия Эрцтің еңбегінің қазақ тіліне аударылған нұсқасын білім мекемелеріне, жоғарғы оқу орындары және оңалту орталықтарына үлестіру көзделуде. Түркістан облысына оқулықтың 154 данасы жетізілді. Бұл кітаптың жаңа технологиялық әдістемелік құрал ретінде балалардың түзету бағдарламасына өзіндік пайдасы мол, – деген Б.Дәулетұлы кітаптарды жауапты сала өкілдеріне табыстады.

Түркістан облысында ерекше білімді қажет ететін 26 мыңнан аса бала болса, оның 10 мыңға жуығы мүмкіндігі шектеулі балалар. Осы орайда “Кедергісіз келешек” партиялық жобасы аталған санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту, кедергісіз орта құру және білім мекемелерінде инклюзивті орта құру бойынша 3 бағытта жұмыс істейді.

Үшінші бағыт аясында партияның қолдауымен 2019 жылы «Дара» қоры арқылы Түркістан қаласында үш мектепте инклюзивті орталық ашылған болатын. Солардың бірі – Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінде орналасқан Түркістан қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. Бұл жерде қазіргі таңда 79 бала жеке түзету бағдарламасы бойынша сабақ алуда. Жиын қатысушылары орталықтың жұмыс барысымен де танысты.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАННАН ТАЛАЙ ДАРЫН ШЫҒАДЫ

Келесі жаңалық

РУХАНИ ҚАЗЫНАҢЫЗ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі