infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Сұхбат

Түркістандық елге сыйлы азамат

25 ноября, 2022
in Сұхбат
0
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан жоғары медицина колледжінің №3 дене тәрбиесi және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша ЦӘК төрағасы Үркімбаев Қоныс Жұманұлы. Қоныс Жұманұлы 1967 жылы 24 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылкұм ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келді. Бұл күні Үркімбаевтардың шаңырығында үлкен қос қуаныш орын алған болатын.

Дүниеге Бакыт, Қоныс атты қос егiздер келген күн еді. Сол кездері Жұман ауыл Советiн басқарған.Сыңары Бақыт Алматы қаласында кәсiпкер. Ал бiздiң басты кейіпкерiмiз Қоныс Үркімбаев 1974 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті 1984 жылы ойдағыдай бітіреді.

Алғашқы өмiрдегi еңбек жолы 1984-1985 жылдары ауылдық ауруханада жұмысшы болып бастаған. 1985 жылы 15 маусымда әскерге шақырылып, №6604 әскери бөлімшеде РФ әскери борышын абыройлы атқарып келедi. 1987-1991 жылдары Алматы Дене тәрбиесі институтында дене тәрбиесi пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша оқуды бітіріп шығады. Кейн Ғ.Мұратбаев атындағы №240 орта мектепте дене тарбиесі пәнінің мұғалімі, ҚР iшкi iстер департаментiнде, ЖШС «Бейбарыс» АФ күзет агенттiгiнде қауiпсiздiк қызмет инспекторы болып, жұмыс атқарады.

Қазіргі таңда Түркістан жоғары медицина колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнi ұйымдастырушы-оқытушысы №3 ЦӘК төрағасы. Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының мүшесi ретiнде көп жылғы ел тыныштығы жолында азаматтардың құқығын қорғау саласында жастарға сапалы бiлiм мен саналы тәрбие беру жолындағы ұстаздық тәжірибесі Түркістан жоғары медицина колледжiндегi өзектi де маңызды мәселелерін шешуде қолдан келгендi жасап, оқу орнының өркениет биігінен көтерiлуiне, әлеуметтiк жағдайының жақсаруына қолдау көрсетіп, атсалысып келеді. Өскелең жас ұрпаққа бiлiм беру, білікті маман дайындау, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, тәлім-тәрбие берумен қатар, ел болашағына алаңдайтын шын жанашыр патриот азаматтар даярлауға ұлағатты ұстаз ретінде өз үлесін айрықша қосуда.

Өнегелі еңбек еткен кезеңдері Қоныстың әкімшілік басшылар тарапынан марапатталған Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан полициясына 30 жыл» медальдарымен марапатталуы, құқық қорғау және бiлiм беру саласындағы еңбектерi үшiн бiрнеше медальдар көкірегінде күндей жарқырайды. Мұның бәрі де адал еңбектiң, толағай табыстардың жемiсi болса керек. Осы бір «Алғыс хатпен» сөзіміздің дәлелі ретінде мысал келтірейік. Құрметті Қоныс Жұманович! Сізді кәсіби мереке-Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Түркістан қаласында денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қол жетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолындағы еселі еңбегіңіз үшін сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Ізгі ниетпен, Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбеков делінген. Осындай алғыс хаттар, «Дипломдар», «Мадақтамалар» жыл қорытындысының үздігі әрі бәріде жарыстарда бірінші орын алғаны үшін табысталған екен.

Міне, Қоныс жанұяда да, ұлағатты еңбек жолында да өнегелі жан. Осы кезде біздің ойымызға Ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйрету ден балаға, — деп айтуында, терең философиялық астар жатыр-ау, сірә! Егерде әрбір адам жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі, дүниеде адамды тәрбиелеп, адамзат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар. Түркістан жоғары медицина колледжінің №3 дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық пәндері бойынша ЦӘК төрағасы Қоныс Жұманұлы Үркімбаевқа «Еңбегіңіз жана берсін!» — деп игі тілек білдіргіміз келеді.

Алдыңғы пост

Түркістан өлкесі ежелден-ақ текті туған тағылымды жандардың мекені

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі