infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістандық мұғалімдер отбасы

26 ноября, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қайран, мектеп табалдырығындағы өмір-ай. Неге ерте есеюге, тезірек мектепті бітіруге асықтық екен. Біздің кезімізде қыздар тәрбиесі туралы жиын көп болатын. Ол жиынға тек қыздар қатысатын. Есімізді білгелі қыздар жиналысына қатысып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін білдік. Ол кезде қысқа етек көйлекті ешкім кимейтін. Бейәдеп қылықты ешкім жасамайтын. Сонда да қыздар жиналысы жиі өтетін. Бүгінде ойлап қарасам, «Қызды қырық үйден тию» деп ата-бабамыз айтып кеткендей, мұның бәрі де кереғар қылықтардың алдын алу шаралары екен. Бұл сірә, идеологиялық жұмыстардың мықты атқарылғандығын көрсетсе керек.

Әсіресе, ауылымызда ұстаздар отбасы атанған Гүлжахан Аманқұлова апайымыздың біздің тәрбиемізге қосқан үлесі зор болатын. Екі күннің бірінде қыздар жиналысын адамды жалықтырмайтын қанатты сөздермен өрбітіп өткізетін апайларға мың алғыс айтамыз бүгінде. Гүлжахан апайдың «Бақытымды еңбектен тапқан адаммын. Сендердің әрқайсыларың тәрбиелі, мәдениетті, парасатты болсаңдар менің еңбегімнің жанғаны» деп жиі айтып отыратын сөзі әлі құлағымда естіліп тұрады. Түсіндіре кетейін: Гүлжахан апай туған сіңлісі екеуі де мектебімізде ұстаз болатын. Екеуі де тұрмысқа шықпай, отырып қалған болатын. Әсіресе, «бақытымды еңбектен тапқанмын» деп айтқан сөзінің мән-мағынасына өзім журналист мамандығын меңгергелі терең үңіліп, түсіне бастағандаймын…

Жақында, Шорнақ ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Айша Саинқызы Сүлейменовамен әңгімелесе отырып, осы ойлардың құшағында болып, есіме мектеп өмірі түскен болатын. Айтайын дегенім, апалы-сіңлілі Айша мен Кенжекүл Сүлейменовалардың екеуі де бақыттарын еңбектен тапқан ұстаздар отбасы.

Ендеше өмір жолдарына тоқталайықшы.

Айша Саинқызы Сүлейменова 1949 жылдың 1 қазанында Ресей елінің Хабаровск өлкесінде дүниеге келіпті. 7-сынып оқып жүрген кезінде ата-анасы туған елге оралыпты. Әкесі Саин Шорнақ ауылында теміржолда еңбек етіпті. Анасы Ұлбала Бәкірқызы үй шаруашылығында болған. Айша ауылдағы М.Фрунзе атындағы он жылдық орта мектепті бітірісімен Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын өзі түлеп ұшқан М.Фрунзе атындағы орта мектепте бастап, алғашқы алты айда кітапханашы, одан кейін бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарыпты. Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп-интернатында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін отыз жыл тапжылмай атқарған. Бұдан бөлек 12 жыл «Жанар» мемлекеттік балабақшасының меңгерушісі қызметін абыроймен атқарыпты. Жергілікті кеңестің депутаты болып сайланған кезінде ауылдың дамуына өз үлесін қосып, халық қалаулысы атанған. Ата-анасы ерте қайтыс болып, артынан ерген бауырларына бас-көз болуды мақсат еткен Айша Саинқызы тұрмысқа шықпаған. Оның үстіне бір сіңлісі мен інісі қайтыс болып, олардың артында қалған ұл-қыздарын жылатпай, өз қолына алыпты. Ата-анасының қарашаңырағының түтінін түзу шығарып, бауырларының барлығына бас-көз болып отырған Айша Саинқызы бір сәт өткенді еске алды.

— Біз отбасымызда 9 ағайынды едік. Оның жетеуі қыз, екеуі ұл. Ата-анам қайтыс болғанда жетім қалған бауырларыма қарауды өзімнің парызым санадым.

Айтпақшы, осы арада айта кетерім біздің Сүлейменовтер отбасындағы 7 қыздың алтауы ұстаздық мамандығын таңдаған. Үлкен әпкем Аманкүл орыс тілі пәнінің мұғалімі. Бүгінгі таңда ардагер ұстаз. Оразқыз сіңлім ғана мейірбике болып еңбек етті. Қазіргі таңда еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер мейірбике. Одан кейінгі сіңлім Ұмсындық еңбек пәнінің мұғалімі болатын. Қайтыс болғанына біраз жыл болды. Зүбайра физика-математика пәнінің мұғалімі, Назира бастауыш сынып мұғалімі, Кенжекүл қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Туған інімнің қызын бауырыма басып, жетілдірдім. Қызым Тоғжан Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ді бітіріп, бүгінде Астана қаласында трансформатор заводында өз мамандығы бойынша қызмет атқарады. Жақында әріптестері арасында өткен байқауда үздік көрінген қызым Дубай еліне тегін жолдаманы ұтып алды,-дейді Айша Саинқызы жүзі бал-бұл жанып. Шынында, ата-бабамыздың «Бала тапқандікі емес, баққандікі» деп айтқан қанатты сөзінің жаны барын сезіндік. Өмірінің 38 жылын білім саласына арнаған Айша Саинқызы Сүлейменова 2008 жылдан бері еңбегінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаз. Бақытын еңбектен тапқан Айша Саинқызы бүгінгі таңда 73 жасқа келіп отыр.

Кенжекүл Сүлейменова 1966 жылдың тумасы. М.Фрунзе атындағы он жылдық орта мектепті бітірісімен Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, мұғалім мамандығын алып шығады. Өзі түлеп ұшқан білім ұясында алғашқы еңбек жолын бастап, пионер вожатый, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, көп жылдар абыройлы еңбек еткен. Ұстаздық ете жүріп, Шымкент педагогикалық институтына сырттай оқуға түсіп, жоғары білім алып шыққан. 2014 жылдан бастап Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді.

Бүгінде Кенжекүл қарашаңырақта отырған Айша әпкесінің бар жағдайын жасап, қамқорлығын көрсетіп отыр. Біз бір әке-шешеден тараған ағайындылардың ынтымақ-бірлігіне риза пейілде болдық.

Өздері еңбек еткен білім ұясындағы ұл-қыздардың сапалы білім, өнегелі тәрбие алуына бар ынта-пейілдері мен саналы өмірлерін арнаған Айша мен Кенжекүл Сүлейменоваларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Алдыңғы пост

Түркістандық мұғалімдердің барлығы жоғары білімді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯҒА КӨШУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі