infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында 57 жобаны салу жоспарланған

25 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығындағы құрылыс барысын Түркістан облысының әкімі бақылап, жаңа жобалармен танысты. Жауапты сала басшыларымен бірге құрылыс нысандарын аралап, оларға бірқатар міндеттер жүктеді. Шаһардың дамуының 2-кезеңі төрт аумақта жүзеге асырылып жатыр. Мәдени-рухани орталықта «Күлтөбе» қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттеджді қалашығы, «Medina Palace» қонақ үйі, «Қылует» мәдени-рухани орталығы бой көтеріп келеді.

Сондай-ақ Бекзат Саттарханов даңғылының бойында спорттық кешен, «Яссы» желілік саябағы, ірі сауда орталықтары бой көтеріп, 182 га универститеттік ботаникалық бақты күтіп-баптау, «Парк Лайн» коттедж кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бекзат Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені орнынан қазіргі заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы былтыр басталған болатын. Жобаға биыл 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. Нысан құрылысы келесі жылы аяқталады.

– Түркістанды Түркі әлемінің орталығына айналдыру міндеті жүктелді. Осы бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдеген емес. Жалпы Түркістан қаласын дамытудың екінші кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге, оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы – жеке инвестициялар. Яғни бюджеттен бағытталған 1 теңгеге жеке инвестициялардың 3 теңгесі тиесілі. Жаңа Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жеткізілетін болады. Құрылысқа жауапты басшылар мен мердігерлер ел алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, жұмысты адал әрі сапалы атқарулары тиіс, – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Әкімшілік-іскерлік орталығында 57 жобаны салу жоспарланған. Атап айтқанда, теннис орталығы салынып, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге инженерлік инфрақұрылымын салу жұмыстары жалғасуда. Ал халықаралық әуежай аумағында 12 жоба іске асырылады. Оның ішінде 100 орындық қонақ үй, 3 ұшаққа тұрақ, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.

Алдыңғы пост

Түркістанда – бала тәрбиесін ата-аналармен бірге жүргізуге үлкен мүмкіндік береді

Келесі жаңалық

Түркістанда қазақ күресінен Халықаралық турнирі өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі