infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

“ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ” АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

July 25, 2022
in Әлеумет
0
“ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ” АТТЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 4 жыл толуына орай “Түркістан – Ер Түріктің бесігі” атты ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додада айтыстың ақтаңгерлері Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Нұрзат Қару, Шұғайып Сезімхан, Нұрлан Есенқұлов, Мейірбек Сұлтанхан сынды жалынды ақындар бақтарын сынады.
Айтыстың ашылу салтанаты Түркістан қалалық Мәдениет үйі өнерпаздарының “Йассы шаһары” тақырыбындағы театрландырылған көрініспен басталды. Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жыр сайысында сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев барша ақындарға сәттілік тілеп, айтыс өнерінің берері мол рухани құндылық екенін тілге тиек етті.
Аламан айтыстың алғашқы жұбын шымкенттік Нұрлан Есенқұлов пен алматылық ару Нұрзат Қару бастады. Әдемі әзілдермен өрілген қыз бен жігіт айтысы көрермендер көзайымына айналды. Сондай-ақ, айтыс өнерінің азулы арландары түркістандық Бекарыс Шойбеков пен торғайлық Айбек Қалиевтың тартысты айтысы да көпшілік көңілінен шықты. Алтын домбыраның үш дүркін иегері қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Ақжайықтың аруы Жансая Мусина арасындағы айтыс та әдемі әзілдермен кө көмкерілді.
Ал, Нұр- Сұлтаннан келген Мейірбек Сұлтанхан мен алматылық Шұғайып Сезімхан арасындағы сайыс та айтары мол айтыс болды.
Бас жүлдені алматылық ақын Шұғайып Сезімхан иеленсе, оралдық ару Жансая Мусина бірінші орынға лайық деп танылды. Ал екінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алса, үздік үштікті түркістандық Бекарыс Шойбеков мен Арқалықтың арқалы ақыны Айбек Қалиев қортындылады. Одан бөлек, Тәушен Әбуова атындағы номинация Нұрзат Қаруға берілсе, Қаныбек Сарыбаев атындағы номинация Нұрлан Есенқұловқа табысталды. Сондай-ақ, Көпбай Омаров атындағы номинация Мейірбек Сұлтанханға берілді.
Алдыңғы пост

МАҚТААРАЛДА 200 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ӨСІРІЛДІ

Келесі жаңалық

ТАЛАП БАР ЖЕРДЕ ТӘРТІП БОЛАДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі