infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан жарқырай түспек

August 2, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан жарқырай түспек
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының маңында «KEGOC» АҚ құрылысын жүргізген кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол трансформатор қуатын 250 МВА-ға арттыруға мүмкіндік береді.

«Орталық» қосалқы станциясы «KEGOC» АҚ-ның «Түркістан қаласының сыртқы электрмен жаб­дықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілер салу» жо­басының аясында Сауран ауда­ны аумағында, Түркістан халық­аралық әуежайына жақын маңай­да салынды. Жалпы құны 9,93 млрд теңгені құрайтын жоба ком­па­нияның меншікті қаражаты есебінен іске асырылды.

Жаңа қосалқы станцияны іске қосу рәсіміне Түркістан облысы­ның әкімі Өмірзақ Шөкеев, «Самұ­рық-Қазына» АҚ Басқарма төр­аға­сы Алмасадам Сәтқалиев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев, сондай-ақ мер­ді­герлік ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

– Жаңа қосалқы станция Түр­кіс­тан энергия торабын электрмен жабдықтаудың қосымша ор­­талығына айналады. Соның нә­тижесінде, жергілікті электр тарату желісін дамыту үшін тиісті жағдайлар жасалатын болады. Сондай-ақ өңірлік желінің қажетті өткізу қабілеті қамтамасыз етіледі. Жаңа энергетикалық объек­тінің іске қосылуы өңірдің ин­дус­триялық-инновациялық да­муына соны серпін береді. Со­нымен бірге аймақтың 300 мың­ға жуық тұрғыны сапалы электр энергия­сына қол жеткізеді. Осы­лайша, «Орталық» қосалқы станциясы құрылысының жобасы бір­неше маңызды мәселенің оң ше­ші­мін табуға мүмкіндік беріп отыр, – деп атап өтті «KEGOC» ком­па­ниясының басшысы Қаныш Мол­да­баев. – Түркістан облысы, әсіресе Түркістан қаласы қарқынды дамып отырғандықтан, сапалы электр қуатымен жабдықтауды қа­жет етеді. Жоба шеңберінде 22­0 кВ және 110 кВ ашық тарату құ­рылғылары, 10 кВ жабық тарату құ­рылғылары, жалпы қосалқы станциялық басқару пункті, өрт сөндіру сорғы станциясы, қосалқы ғимараттар (көлікжай, БӨП), кірме автомобиль жолы салынды.

Жаңа қосалқы станция 220кВ құ­райтын екі энергетикалық желі бай­ланысымен қамтамасыз етіл­ген. Әрқайсысының қуаты 125 МВА-ға тең екі трансформатор ор­натылған. Ал энергия объек­тісі­нің жалпы номиналдық қуаты – 250 МВА. Осының нәтижесінде, жер­гілікті электр тарату желісінің, өңір­лік желінің қажетті өткізу қабі­летінің дамуына тиісті жағ­дай­лар жасалып отыр. Жаз кезінде Түркістан 50-60 мегаватт электр қуатын тұтынады. Ендігі жерде жаңа энергиялық қуатты шама­мен 180 мегаватқа көтеруге мүмкіндік бар. Яғни бұрынғы тұтыну көрсет­кішінен үш есеге артады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын дамытудың бі­рінші кезеңі аяқталғанын, төрт жылдың ішінде халықаралық әуе­жай, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтар, яғни қа­ланың негізгі әлеуметтік ин­фра­құрылымы салынғанын атап өтті. Қала аумағында биік ғимараттар, мәдениет және спорт ғимараттары, әлеуметтік объектілер пайда болды. Ал өңірде бизнесті өркендету, қаланың инфрақұрылымын дамыту сапалы әрі тұрақты энергиямен жабдықтауды талап етеді.

«KEGOC» АҚ Күрделі құры­лыс және пайдалану жөніндегі бас­қарушы директоры Ермаханбет Атақұлов жобаның әлеуметтік ма­ңыздылығына тоқталып өтті.

– Құрылыс кезінде 114 жұмыс орны құрылған еді, ал пайдалануға берілгеннен кейін қосалқы станцияда 10 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, жобаны іске асы­ру кезінде отандық өндіріс ма­териалдары мен жабдықтары пай­даланылды, – деді Е.Атақұлов.

«KEGOC» АҚ-ға қарасты «Оңтүстіктің жүйеаралық электр желілері» филиалының басшысы Сергей Гольдштейннің айтуына қа­рағанда, жуырда жылыжай ша­руашылықтарын қосымша 30 МВА-ға қосуға өтініш келіп түскен. Жаңа энергетикалық объектінің жәр­демімен қалалық жылу-электр ор­талығы, «Яссы», «Север», «Ком­муналь­ная», «Сауран» және «Сол­түстік» қосалқы стан­циялары қуаттарын арттырып,­ осы арқылы Түркістанның индус­трия­лық аймағында орналасқан кә­сіпорындар қажетті электр энер­гиясына қол жеткізеді. Бұл –  жер­гі­лікті  өндіріс орындары электр қуатын «Оңтүстік жарықтан» емес, тікелей KEGOC-тың желілерінен алатын болады деген сөз.

Қосалқы станция техноло­гия­лық процестерді бақылайтын авто­матты жүйемен, электр энергия­сының коммерциялық есебін жүр­­гізетін ав­томатты өлшеу құ­рыл­­­ғ­ы­сымен және техникалық қауіп­­­сіздік мақ­сатында объектіні бақы­­лайтын құ­ралдармен жабдықталған. Дис­пет­черлік кеңсенің ком­пьютер мониторына қосал­қы стан­ция жұ­мы­сының барлық мәлі­меті түсіп оты­рады. Бұл өз кезе­­гінде диспетчерге тез әрекет етіп, шұ­ғыл шешім қа­былдауға, желідегі ава­риялық өшуді бол­дыр­мауға, осылайша, тиім­ді әрі се­німді қыз­метті қамта­ма­сыз етуге мүмкіндік береді.

– Бұл – заманауи қосалқы станция, мұнда тек жаңа қондырғылар ор­натылған. Мұндай орында жұ­мыс істеу мен үшін маңызды әрі қы­зықты, – деді Нұр-Сұлтан қа­ла­сынан Түркістанға жаңа жұ­мыс­қа ауысып, көшіп келген кезекші электромонтер Нығ­метәлі Сұлтан. – Мен өзім Сары­ағаш­тан боламын. KEGOC-тың кон­курс жариялағанын естіп, қалай да қатысуым керек деп шеш­тім. Байқаудан өткеніме қуа­ныш­тымын. Компанияда жұмыс істеу – мен үшін зор мәртебе, кәсіпорынның келешегінен де мол үміт күтуге болады.

Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміз­дің оңтүстігінде осындай 220 кВ қуатты қосалқы станция алғаш салынып отыр.

– Егемен ел болғалы Түркістан облысында мұндай ауқымды энергетикалық жоба болмаған еді. Өңір­дегі электр энергиясына қажеттілікті ескеріп, тағы осындай бірқатар объектіні салуды жос­парлап отырмыз. Оңтүстік ай­мақ­ты тұрақты әрі сенімді электр қуа­тымен қамтамасыз ету өте ма­ңызды. Сол себепті біздің компания бұл бағыттағы тиісті жұмыстарды жалғастыратын болады, – деді «KEGOC» компаниясының басшысы Қаныш Молдабаев.

Алдыңғы пост

Түркістан көшелері орташа жөндеуден өтеді

Келесі жаңалық

Үкіметте Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау бойынша ұсыныстар қаралды

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі