infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан жасыл желекке оранып келеді

27 ноября, 2022
in Әлеумет
0
Түркістанда орман алқабы ұлғаюда
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түркістан қаласын көгалдандыру ісі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Сол бағытта күн құрғатпай жұмыс жүргізуді басшылық басты бағыты ретінде бақыласа, жауапты салалар осы бір міндеттің үдесінен шығуға барын салуда. Оған қоса облыс орталығы атанып, үлкен мәртебеге ие болған Түркістанның тынысы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бақылауында екенін ескерсек, аталмыш істің барынша ұқыпты орындалуы тиіс екені айтпаса да түсінікті.

Иә, шаһарда қазіргі таңда, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жасыл желекті аумақ үшін атқарылып жатқан жобалар да өз нәтижесін беруде. Дегенмен тарихи мекен тұрғындары мен қонақтарының тынысын кеңейте түсетін саялы орындардың қатарын арттыруға бағытталған ауқымды жобаны межеленген мерзімде ел игілігіне ұсыну оңай шаруа емес. Осы ретте тынымсыз тірліктің басында жүрген «Жасыл Түркістан» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Көркемжан Эшметовпен қаланы көгалдандырудың жай-күйін сұрап едік.

Көркемжан Тұрсынбайұлының бұл салада қызмет етіп жүргеніне он жылға жуықтапты. Айтуынша қалада барлығы 600 мыңнан астам ағаш, 312 мыңнан астам бұта бар. Олар осы аймақтың климатына бейім, төзімді ағаш түрлері және жеміс ағаштары да егілген. Ағаш түрлері әлгінде айтып өткеніміздей шаһардың аптап ыстығына шыдас беретін көшеттер. Атап айтсақ, айлант, қара ағаш, боз арша, акация егілуде. Сонымен бірге, күл ағаш, үйеңкі, жиде, ива көшеттері де қаланың түкпір-түкпірінде отырғызылған.

«Біз ағаштарға маусымдық күтімнің барлық түрін жасаймыз. Химиялық өңдеулер, өсу стимуляторларымен, тыңайтқыштарымен тыңайту жүргізіліп тұрады. Одан бөлек, ақпан-қазан айларында пестицидтермен зиянкестерден қорғау жасалады. Ол бір айда ауру түрі мен зиянкестердің мөлшеріне қарай жүргізіледі. Ағаштар, бұталар қысқы-жазғы мезгілдерде жабындалады. Бұл қазан-қараша және жаз мезгілінде мамыр-тамыз айларында атқарылады»,-дейді мекеме басшысы.

Әрбір өсімдіктің жетілуіне алғашында айтарлықтай күтім қажет екені анық. Осы мәселеде қала тұрғындарының да қосар үлесі мол. Енді ғана жетіліп келе жатқан ағаш көшеттерінің бой көтеруі «Жасыл Түркістан» мекемесіндегі қызметкерлердің тікелей міндеті болса, өзге азаматтардың есік алдындағы өсімдікке қамқорлық танытуы қоршаған ортаға құрметі деп білуге тиіспіз. Сондықтан «жасылтүркістандықтар» әрбір тұрғын жасөскіндерге жанашырлықпен қараса дейді.

Өткен жылы 25 450 ағаш, 12 400 бұтаға қырқу жұмыстары жүргізілген. 19 мың ағаш санитарлық жасартумен қамтылып, 6 600 ағашқа түрлі пішінде қырқу жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге, «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясы бастау алғаны белгілі. Осы шара аясында 100 мыңнан аса ағаш көшеті егілді. Бұл әлі де жалғасуда. Ондағы мақсат — Түркістанды жасыл желекпен көмкеруге тұрғындар да өз тарапынан үлес қосса деген ниеттен туындаған. Әзірге нәтиже жаман емес. Десе де жоғарыда атап өткеніміздей сала мамандары климаты құрғақ келетін Түркістанда жаздың аптап ыстығында ағаштарға қамқорлық толастамағанын қалайды. Яғни, көпшілік ағашқа су құйып баптамаса да, сындырып өзегін үзбеуді сұрайды. Бұл ұсынысқа біздің де алып-қосарымыз жоқ. Бес саусақ бірдей емес әрине. Десе де елдің игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарға әрбіріміздің қамқорлығымыз қажет-ақ.

Ендеше, барыс жылы не күтіп тұр. Ұжымның алдағы міндеттері жайында сөз қозғаған Көркемжан Тұрсынбайұлы «биыл қалада 200 мыңнан аса ағаш егу жоспарланған. Бұл жұмыстарға дайындық басталып кетті. Бұлардың барлығы жоспарлы аумақтарда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Ж.Майкотов көшесінің 29 гектарын, айналма тас жолының 15 гектарын, Кентау тас жолы бойының 20 гектарын қамтымақ. Одан бөлек, «Отырар» мөлтек ауданында желілік саябағындағы 2,9 гектар, Б.Саттарханов пен Қазыбек би көшелері аралығындағы 25 гектар жерге егілсе, сонымен бірге, Н.Төреқұлов көшесі мен Шатқал аймағында да көшеттер отырғызылады»,-дейді. Біздің аймаққа көктем ерте келеді. Сол себепті аталмыш мекеме міндеттерін іске асыруға ерте кірісетіні белгілі.

Айта кетерлігі, қала әкімдігінің бастамасымен бұрындары «қоқыс» алаңына айналған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізімен «Түркістан-Кентау» теміржолы шектесетін тұсындағы алаңқайға ағаш көшеттері отырғызылып, суару жүйесі орнатылды. Сол секілді қаланың өзге де қолайлы аймақтарына аталмыш шаралар жүргізілуде. Осынау игілікті іске тұрғындардың қолдауымен қатар, тиісті сала өкілдері де жауапкершілікпен қарап, жүктелген міндетке адалдық танытса дейміз.

Алдыңғы пост

Түркістан туристік қалаға айналуда

Келесі жаңалық

Түркістанның экологиялық ахуалы жақсарып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі