infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан: Жылу қазандықтарының жағдайы тұрақты бақылауда

26 ноября, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан: Жылу қазандықтарының жағдайы тұрақты бақылауда
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығы Түркістан қаласында 17 жылу беру қазандық  блогы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков айтты.

– Биыл қалада жылу беру маусымы 27 қазанда басталды. Қалада 17 жылу беру қазандығы бар. Бұл қазандықтар арқылы барлық 155 көпқабатты тұрғын үй, яғни 7798 пәтер жылумен қамтылып отыр. Әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлердегі ішкі инженерлік коммуникация жұмыстарын қадағалау мақсатында 2 мобильді жұмыс штабы құрылды. Ол 9 көше 28/2 және 36/2 көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесінде орналасқан. Сондай-ақ, тұрғындардың шағымына сәйкес, ақаулар орын алған жағдайда жедел әрекет етіп отырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы.

Ал «Жылу» МКК-нің директоры Ерғазы Әбдірахманұлының сөзінше, әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерге жылумен қамтамасыз ету мақсатында 12 қазандық блогының құрылысы жүргізілген. Ол 85 көпқабатты тұрғын үйді қамтиды. Бүгінде 6-ы жұмыс істеп тұр. Оның 4-і арқылы 39 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен және 55 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылуда. Қалған моделді қазандық блоктары және одан жылу энергиясымен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үй құрылыстары біткен кезде іске қосылады. Бұл жерде 6 дана моделді қазандық блогі және 29 көпқабатты тұрғын үй жылу энергиясын алатын болады.

Одан бөлек, І мөлтекауданда 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйде және мәдени-рухани орталығында 11 нысан арқылы жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісім шарттар жасалған.

Айта кетейік, көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелері сервистік қызмет көрсету мекемесі немесе пәтер иелері кооперативін құрып, ортақ меншіктегі инженерлік коммуникациялық жүйе, жертөле, кіреберіс алаңшасы, шатыр және тағы басқа ортақ мүлікті күтіп-ұстау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыстар атқаруы тиіс.

Алдыңғы пост

Түркістан қаласы әкімінің Сауран секторында халықпен кездесуі

Келесі жаңалық

Түркістанда “Отбасыңмен он тал ек” акциясы жалғасын тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі