infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР ФУТБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ

October 5, 2022
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН: ИМАМДАР ФУТБОЛДАН СЫНҒА ТҮСТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы «Жастық» стадионында Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына орай, Түркістан облысына қарасты имамдар мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан облыстық турнир өтуде. Достық кездесуге облысқа қарасты 17 қала, ауданнан дін сала қызметкерлерінен құралған командалар қатысып жатыр.
Түркістан облысына қарасты имамдары мен мешіт қызметкерлері арасында кіші футболдан жарысты тоқсан сайын өткізу жоспарланып, бұл жарыс кезек реттілігіне орай Төлеби ауданында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі қоғамда салуатты өмір салтын ұстану – басты қағидалардың бірі. Халық арасындағы ауызбіршілік, ынтымақ, бірлікті сақтауға негіз болған Ислам дінін уағыздаушылар – имамдар, мешіт қызметкерлері. Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың бастауы ғана емес, халқымыздың рухани байлығын молайтатын қасиетті орын. Дін саласының қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып ғана қоймай, оны насихаттау мақсатында футболдан турнир ұйымдастыруы – қуантарлық жағдай. Салауатты өмір салты – бұл дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, жаман әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты жақсартуға және сақтауға бағытталған адам өмірінің тұжырымдамасы. Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал мақсатында қазірдің өзінде 371 спорттық нысан жұмыс істейді, – деді құттықтау сөзінде Сержан Дауылбайұлы.
Жеңімпаз атанған командалар марапатталады. Сайыс барысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапаттан құр қалмайды. Турнирге қатысушыларға кәсіпкер Бегалы Рысбеков арнайы дастархан жайып, құран бағышталды.
Ауданда футбол ойынын дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымдарын салу жоспарлануда. Бұл бағытта Бірінші Мамыр ауылынан заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Шалғай елді мекендерде демеушілер және мемлекет есебінен ашық спорт алаңдарын салу арқылы спортпен шұғылданушылар санын 2025 жылға дейін 45 пайызға өсіру жоспарланып отыр.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МАЛЬТЕПЕ МУНИЦИПАЛИТЕТІ АРАСЫНДА "ДОСТАСТЫҚ" МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Келесі жаңалық

«ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі