infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

26 ноября, 2022
in Қоғам
0
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімдігінде өңірде сұйытылған газдың салдарынан туындаған оқиғаға байланысты және қала тұрғындарын толықтай табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында қала әкімі Н.Тұрашбековтің төрағалығымен жиналыс болып өтті.

Аталған мәселеге байланысты қалалық газ инспекциясы мекемесінің мәліметі бойынша 35375 тұрғын үй ішінен 12100 жеке тұрғын үй, 509 көше тексеріліп акт түзілген. Заң талаптарына сәйкес, газ жабдығын дұрыс қолданып отырған жеке тұрғын үйлер саны — 1560, заң талаптарына сай емес 10540 жеке тұрғын үй анықталып ескертулер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда көп қабатты №1 және №2 мөлтек ауданын аралау, бақылау барысында 967 пәтер тексеріліп, акт түзіліп ескерту жұмыстары жүргізілді. Тексеру-зерттеу барысында көптеген қондырғы заңға сәйкес болмай шыққан. Атап айтсақ, 8 көпқабатты тұрғын үйдің 204 пәтерінен заңға сай келмейтін газ баллондары табылып, заң талабы бойынша пайдалануға рұқсат етілмейтіндігі туралы ескертулер берілген.

Жиында қала әкімі Н.Тұрашбеков газ мәселесін шұғыл түрде шешу керектігін, газбен толық қамтылмаған үйлерді тез арада жылумен қамтамасыз ету бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Көпқабатты үйлерде көгілдір отын мәселесі бойынша оның құжаттандыру жұмыстары мен жылумен қамтамасыз етілуі үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін бітірілу тапсырылды. Бұдан бөлек, №1 мөлтек ауданындағы кеңес дәуірінен қалған көпқабатты үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету, екі қабатты үйлер туралы нақты мәлімет жасалып, 2022 жылдың 8 сәуірінен бастап жіті тексеру, зерттеу жүргізу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

«Түркістан-ақпарат».

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ҚАНДАЙ?

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ "ҚУАНЫШ" БАЗАРЫ ОБЛЫСТАҒЫ ЕҢ ІРІ САУДА ОРТАЛЫҒЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі