infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Сұхбат

Түркістан: Мұғалім мәртебелі мамандық

27 ноября, 2022
in Сұхбат
0
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ерғазы Дәулет Мақсатбекұлы, Ж.Тәшенов атындағы N23 IT-мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жас маман. Жас ұстаз болса да мектеп және қоғам жұмысына белсене қатысып, нәтижелі

еңбегімен ұжымда елене бастады.

Ол алдыңғы жылы ағылшын тілінен Республикалық ғылыми жоба сайысына оқушы дайындап, қалалық кезеңінен 1-орынға ие болса, былтырғы жылы облыстық ғылыми жобадан дайындаған шәкірті 11 «б» сынып оқушысы Дариға Айсекенова 2-орынға ие болды. Сонымен қатар «Дарынды ұрпақ-ел болашағы» жобасы аясында белсенді қатысып жобасы сәтті өтіпті. Оқушыларымен бірге «Ұлы дала баласы» ұлттық білім сайыстарының облыстық кезеңінде 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жас маман Дәулет Ерғазы студент кезінен-ақ, шәкірт дайындау жұмысына қатыса бастаған. Өзінің айтуынша «2-курста сабағы жақсы мұны «Яссы білім» білім беру орталығына ағылшын курсын жүргізуге жұмысқа шақырыпты. «Орталықта ағылшын тілін оқытуда біршама тәжірибе жинадым. Ол жерде қағазбастылық, ұстаздың уақытын алатын басқадай шаруалар болмайды. Тек алдыңдағы баламен уақытпен санаспай жұмыс істеу керек. Себебі, мұнда нәтижеге жету басты меже. Орталық директоры Тұрсынбай ағадан үйренгенім көп болды. Сол күндері ұстаздық менің сүйікті ісім екенін түсіндім. Мектепке жұмысқа тұрғанда менде біршама тәжірибе болды. Сондықтан болар, менде адаптация деген болған жоқ, мектепке кірген бойда оқушылармен тез тіл табысып, сабаққа кірісіп кеттік. Алайда, «Оқу инемен құдық қазғандай» деп дана халқымыз айтқандай, нәтижеге, жетістікке жету тиянақты, ыждағатты жұмысты талап етеді», — дейді ол.

Кейіпкеріміз мұғалімдік мамандық, педагог мәртебесі туралы ойларымен бөлісті. «Мұғалім мәртебелі мамандық. Бүгінде, оқушылардың ойлау қабілеті қатты дамыған.Технологияны жетік меңгерген. Олардың білмейтіні жоқ. Оқушылар гаджеттермен және ақпарат технологиясын жақсы меңгергені соншалық, олар кейде ұстазды он орап алуы мүмкін. Сол себепті, соңғы уақытта аға буын мұғалімдеріміз де өз оқушыларымен тіл табысуы үшін, баламен жақсы жұмыс істей алуы үшін өзгеріп, өздерін дамытып отыратын болды. Демек, мұғалім өмір бойы оқитын, ізденісте жүретін интеллектуал адам. Ұстаз отбасымен қатар, оқушыларын да өз баласынан кем көрмей, ұдайы көңіл бөліп, сапалы білім, саналы тәрбие беретін жан деп білемін. Сондықтан, мұғалім мамандығы абыройлы мамандықтар қатарында деп есептеймін. Нағыз педагог, өз оқушысының жан дүниесіне үңіле білген ұстаз деп ұғу керек. Бір сыныпта 20 оқушы болса, 20 түрлі мінез 20 түрлі пікір болады. Кейбір әріптестер оқушыларды, «оқымайды, ынтасы жоқ» деп, кінәлап жатады. Меніңше, ол мұғалімнің педагогтің шеберлігіне байланысты. Өз ұстанымым «оқымайтын бала жоқ, оқыта алмайтын мұғалім болу мүмкін». Өз басым осы қағиданы басшылыққа алып, жұмыс істеймін».

Жас педагог Дәулеттің айтуынша, ағылшын тілін оқуға балалардың құштарлығы өте зор көрінеді. «Жаңа сөздер ережелерді үйрене отырып, соған қарай listening, reading ,speaking бөлімдерін, яғни тыңдалым оқылым және сөйлеуді дамытады. Жоғарыда айтып кеткенімдей мұғалім баланың ынтасын оята білу керек. Жалпы, қазіргі таңда тілді үйрену, ағылшын тілін білу туралы қоғамда насихат басым болғандықтан шығар, төменгі сынып балаларының өздері қызығушылық танытып жүр. Әрбір отбасында, үйде балалардың ата-аналары тарапынан да шет тілін үйренуге қатты мән беріліп жатыр. Содан да болар, қаламызда тіл курстары 2-3 жыл бұрынғы кезге қарағанда саны әлде неше есе көбейді», — дейді жас педагог.

Дәулет Мақсатбекұлымен әңгіме барысында болашақ ой-жоспарларымен бөлісуін сұрағанбыз. «Алла қаласа, алдағы уақытта білім саласынын дамытуға өз үлесімді қоссам деймін. Тіл курстарын дамытып, дайындаған шәкірттерім ҰБТ-дан жоғары нәтижеге жетіп, оқушыларымның көбінің грант иегері болуына көмегімді тигізсем деймін. Өзім қызмет ететін IT-мектеп-лицейін қаламыздағы ең үздік мектептердің қатарында көрінуіне атсалысу парызым деп білемін. Жас өскін, өсіп келе жатқан балаларымызды ағылшын тілін үйретуде оңай, түсінікті тілде жеткізетін жеке әдістемемді қалыптастырып, жаңа деңгейге көтергім келеді, болашақта», — деп ағынан жарылды. Біз жас ұстазға сәттілік серігің болсын, — деген тілегімізді білдірдік.

Ә.ТӘШІМ, журналист.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ДОСТЫҚ МЕКЕНІ ЕКЕНІН АЙҒАҚТАДЫ

Келесі жаңалық

Түркістанда «Үздік мұғалім» төсбелгілерімен марапатталғандар жетерлік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі