infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ КӨБЕЙДІ

31 октября, 2022
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ШАРУАШЫЛЫҚ КӨБЕЙДІ
0
SHARES
45
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сусыз жерді де балыққа толтыруға болады. Түркістан облысындағы Төле би ауданында үш бірдей жасанды көл пайда болды. Сөйтіп, балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны артты. Аудан кәсіпкерлері биыл 80 тоннаға жуық өнім аламыз деп құлшынып отыр. Жасанды тоған жасап, оның аумағын демалыс аймағына айналдырған жанмен өңірдегі әріптесім тілдесіп қайтты. Биыл Еркебай Ережеповтың шаруашылығы балық өсіру ісіне ден қойды. Шабақтың тауарлы балыққа айналуы үшін қандай күтім жасалатынын терең зерттеп, жасанды су бассейндеріне сазан, бақтақ, ақ амур шабақтарын жіберді. Балықтарды күніне бес мезгіл қолдан азықтандырады. Әкелгенде салмағы небәрі 40 грамм ғана болған балық тұқымы, аз уақытта 2 келіге жетіп қалды,-дейді.  Еркебай Ережепов, кәсіпкер: — Арғы жағында 10 мың балықтың 40 грамдығынан сазаннан, белый амур аралас. Ал мынада 10 мың сазан. Енді құжаттарын бәрін көрді. Субсидия береміз дегендей қылып жатыр. Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы. Құдай қаласа шешіліп қалады. Кәсіпкерге іс бастау үшін ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бағдарлама аясында жеңілдетілген процентпен несие берілді. Балықтың қорегі мен алған шабағы үшін мемлекеттен субсидия төленеді. Бірақ балық шаруашылығы әлі де болса батыл қолдауды талап етеді,-дейді. Өйткені шетелде өндірілетін жемнің бағасы тым қымбат. Ал өзімізде шығарылатыны құнарсыз.   Еркебай Ережепов, кәсіпкер: — Дәл қазіргі уақытта кормдары қиындау болып тұр. Өзінің балыққа арналған кормдарын беріп жатқан жоқпыз. Өйткені саясатқа байланыста ма білмеймін жеммен қамтамасыз ете алмай жатыр республика бойынша. Қазір бидай беріп жатырмыз. Жүгеріге көшеміз енді. Жүгеріні тастауға тура келеді. Өзінің жемі болса тәуір болар еді. Витаминдері бар. Көксәйек ауылы тауға жақын орналасқандықтан алыс-жақын аймақтардан келетін қонақтар көп. Сондықтан табиғатты тамашалауға келгендер үшін шаруашылық маңын демалыс аймағына айналдыру ұтымды шешім болды,-дейді кәсіпкер. Ол үшін қосымша ғимарат салынып, саяхаттаушыларға қолайлы жағдай жасалды. Енді келушілер балықты өздері аулап, қызықтай алады.  Бақытжан Ақжігітов, саяхатшы: — Халыққа ыңғайлы болып қалды. Келіп, осы жерде балық аулап. Осы жерде пісіріп жейтін болсаң осы жерде, өзіңмен алып кететін болсаң алып кетесің. Халық қазір өте көп. Өздеріңіз көргендей. Балықтары дәмді. Фарель өте керемет екен. Ұнады. Төле би ауданында балық өсірумен айналысатын сегіз шаруашылық бар. Кәсіп иелері шабақтарды көрші Түлкібас ауданы мен Шардара қаласынан алдыртқан. Соңғы жылдары бұл саланың ісі ілгері басып, өнім көлемі ұлғайып келеді, дейді жауаптылар.  Құттымұрат Тұрғынбаев, Төле би аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы: — Ауданда сегіз кәсіпкер болатын болса біз былтырғы жылы 50 тоннадай балық өндірсек, былтыр 5 қана кәсіпкер еді. Биыл үш кәсіпкер қосылды. Біз енді 70-80 тонна балық өндіреміз деген жоспарымыз бар. Ол негізінен біз де шаруа қожалықта осы жердің халқына, демалушыларға саудалынып жатыр. Базарға емес. Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытудың өңірлік жоспары бекітілген. Жобаға сәйкес, тауарлы балық өсіру ісі алдағы он жылда қарқынды өсіп, жылына 20 мың тоннаға жетуі керек. Қазір өңірдің тауар өндірушілері жылына 2 мың тоннаға жуық балық өнімін көрші елдерге экспорттайды.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов

Алдыңғы пост

Ордабасы ауданында тәулігіне 100 мың дана қыш шығаратын өндіріс орны ашылды

Келесі жаңалық

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ КӨБЕЙДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі