infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ ӨСІП КЕЛЕДІ

June 15, 2022
in Басты жаңалықтар, Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ ӨСІП КЕЛЕДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толды. Осы қысқа уақыт ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып, барлық салада өсім сақталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.

– 5 маусымда елімізде референдум өткізіліп, мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Түркістан облысының дауыс беруге құқылы тұрғындарының 80,6 пайызы референдумға қатысып, өңір бұл көрсеткіш бойынша бірінші орынға шықты.  Референдум қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасап, нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының бастамалары мен реформалары еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы бері 4 жыл уақыт болды. 2018 жылмен салыстырғанда осы төрт жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісі айқын аңғарылды. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті. Өнеркәсіп  өнім   көлемі  1,6      есеге  артып, 707,8 млрд. теңгеге жетсе, ауыл  шаруашылығы  өнімі   1,7  есеге артып, 906,5 млрд. теңгені құрады. 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсті. Облыс  бюджетінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд. теңгені құрады. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы 5 айда оң өсім сақталды, – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 32 млрд. теңге құрайтын, 44 жоба іске қосылып, нәтижесінде 2368 жұмыс орны ашылған. Биыл құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 6 жобаны іске қосу арқылы 246 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 793 млн. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 36 жұмыс орны құрылған. Өңірде Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі қарқынды жалғасып жатыр.

 

Алдыңғы пост

ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 37 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі