infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 110 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА 170 МЛН. АҒАШ ЕГІЛЕДІ

Түркістан облысында 5 жылдың ішінде мемлекеттік орман қоры жерлерінде 110 мың га алқапқа 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында, бекітілген.

29 марта, 2022
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 110 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА 170 МЛН. АҒАШ ЕГІЛЕДІ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
 Кешенді жоспарға сәйкес, былтыр 15 га.жуық жерге 18 млн 707 мың көшет отырығызылып, жоспар толығымен орындалды. Биыл 17 га.жуық жерге 22 млн.ағаш егіледі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.
Климаты құрғақ Түркістанда құрылған «жасыл» белдеудің 29 511 гектар жер көлемінің 13629 гектарына ағаш егіліп, жасыл желекке оранды. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен тиісті қаржылар бөлініп, әуежай және рекреациялық аймақта 400 гектардан астам жерге тамшылатып суғару жүйесі және көшеттерге тірек толығымен орнатылды. Бүгінде абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат реттеуді пайдалану басқармасының басшысы Қайрат Әбдуәлиевтің баяндауынша, Жаңа әкімшілік іскерлік орталығындағы 50 гектар алма бауы жаңартылып, тамшылап суғару жүйесі және көшеттерге тірек орнатылып,қоршау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 30 млн. жуық көшет өндірілді. Биыл өз күшімізбен көктем, күз айларында, толықтыру жұмысынан бөлек 3500 гектар (оның ішінде 300га сексеуіл ) жерге көшет егуге мүмкүндігіміз бар. 1000 гектарға шаққанда 3 млн. жуық жапырақты ағаштар кетеді, жалпы 10 млн-ға жуық көшет отырғызылады»,-деді ол.
Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалық тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «жасыл» аймақ құрылған. Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналған аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылған. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізіледі.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЫНТЫМАҚТЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚОС МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі