infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысының бас полицейі сервистік модельді іске асыру аясында форум өткізді

23 декабря, 2022
in Uncategorized
0
Түркістан облысының бас полицейі сервистік модельді іске асыру аясында форум өткізді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың ұйымдастыруымен «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік моделін іске асыру» тақырыбында ауқымды форум өткізілді.

 

Киелі өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған форумның негізгі мақсаты — ҚР Президентінің сервистік модельді енгізу тапсырмасы мен министр Марат Ахметжановтың нұсқауымен жүргізіліп жатқан жұмыстарды саралау, алдағы күнге жоспар құру, халықпен кері байланыс жасау.

 

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ғылыми қызметкері Сағынған Молбасин, Түркістан қаласының зиялы қауым және қоғам белсенділері, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері, БАҚ өкілдері мен тұрғындар қатысты.

 

Жиналыстағы қауымға сервистік полиция моделін енгізу бойынша Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде бірнеше бейнероликтер көрсетілді. Полиция генерал-майоры М.Қабденов, полиция подполковнигі Б.Жанаев баяндама жасады.

 

Облыстың бас полицейі: «Біздің киелі мекенде сервистік модельге көшудің іске асуы тегін емес. Бұл ретте сақшылар қатары артып, толығымен техникамен жабдықталып, білім біліктілігі жетіліп, елмен тығыз байланыста болуы шарт. Қазіргі таңда Ішкі істер министрі «сервистік модель» жобасы аясында әрбір полиция органдары жанынан «Сервистік орталықтар» салынуы қажет екенін айтқан болатын.

 

Сол себептен келесі жылды «қала, аудандағы полицейлер жылы» деп бекітіп, жеке құрамға демеу болу мен мәселесіне мән беретін боламыз. Полиция ғимараттарын жаңартып, жаңа талапқа сай құрал-жабдықтармен және сервистік орталықтармен қамтамасыз етеміз»-атап өтті.

 

Сондай-ақ облыс әкімі Д.Сатыбалды іс-шараны ашып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуші полицейлерді марапаттады.

 

— «Өңірде құқық қорғау органдарына қолдау жоғары деңгейде. Материалдық техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджеттен бірқатар қаржы бөлініп, қызметтік пәтерлер беріліп, жаңа ғимарат құрылысы аяқталу үстінде. Халықтың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Полиция бұл жазалаушы емес, халықтың жанашыры болғаны жөн. Сервистік модельдің мақсаты да осы. Бұл жұмыстарды құқық қорғау қызметкерлері ғана емес, бәріміз бірлесе атқаруымыз қажет»-деп атап өтті облыс әкімі.

 

Одан бөлек облыстың бас полицейі, сервистік модельді іске асыру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тәртіп сақшылары, сондай-ақ осы бағытта полицейлерге көмектескен қоғам белсенділері мен еріктілерді марапаттады.

 

Жалпы Түркістан қаласы сервистік модель аясында пилоттық жоба ретінде таңдалған аймақтардың бірі. Қазіргі таңда өңірде бағдарламаның төртінші кезеңі іске асырылуда.

 

Сондықтан «Жұртқа жақын полиция қағидаты» бойынша жұмыстар одан әрі жалғасып, жандана бермек.

 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Алдыңғы пост

Түркістан – болашағы зор, заманауи, жаңа қала

Келесі жаңалық

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНДА ҰРЛАНҒАН 1900-ДЕН АСТАМ ҚАРУ ӘЛІ ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі