infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҰРҒЫН МЕРЕЙЛІ 63 ЖАСЫН САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

20 ноября, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін елімізде Президент сайлауы басталды. Таңғы 07:00-ден басталған науқанға Созақ ауданының тұрғындары да белсене ат салысуда.

Атап айтсақ, Таукент кентінің тұрғыны Байдос Саховтың зейнет жасына толуы сайлау күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Ол өз туған күнінде сайлауға қатысып, учаскелік сайлау комиссиясы тарапынан естелік сыйлық алды. Еліміз үшін маңызды күнде таңдау жасауды азаматтық борышым дейді зейнет жасына жеткен азамат.

– Бүгінгі еліміздегі аса маңызды саяси оқиға мен менің зейнет жасыма келуім қатар болуы мен үшін ұмытылмас сәт болып отыр. Өмірімнің жаңа белесін Конституциямыздағы саяси құқығымды пайдаланудан бастауды шешіп, сайлау учаскеме келіп, өз таңдауымды жасадым, — деді Таукент кентінің тұрғыны.

Сонымен қатар, көпбалалы ана Ақнұр Жандилдаева да дауыс беруден тыс қалмады.

– Елімізде болып жатқан өте маңызды саяси науқанға бей-жай қарамай, өз таңдауымды жасадым. Себебі, әр азаматтың дауысы — маңызды, — дейді ардақты ана.

Одан бөлек, Созақ ауданының тұрғыны, 90 жастан асқан қария Дадабеков Мами №693 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, ел жастарына батасын берді.

Айта кетейік, Созақ ауданында 39 сайлау учаскесі және 35 929 сайлаушы бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Келесі жаңалық

ТҮЛКІБАСТЫҚ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ ДЕ САЯСИ НАУҚАНДА ӨЗ БЕЛСЕНДІГІН ТАНЫТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі