ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
68

«Таза Қазақстан» акциясы Түлкібас ауданында қарқынды түрде жалғасып жатыр. Бүгінде Балықты ауылында ретсіз өскен шөптерді шабу, арықтарды тазалау, электр бағаналары мен гүлзарлардың қоршауын бояу, тал түптерін әктеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы акцияға жергілікті әкімдік мамандары мен ақылы қоғамдық жұмысшылар және еріктілерден құралған 60-қа жуық адам қатысып, 4 техника тартылды.

Тазалық жұмыстарын жандандыру үшін ұсыныстар енгізілді. Бүгінде өңірде санитарлық тазалық бағытында 5 925 адам қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 665-і КММ жұмысшылары болса, қоғамдық жұмыспен 4 260 адам тартылған. Талдау көрсеткендей, қоғамдық жұмысшылар әр ауылдық округке 5-10 адамнан бөлінген, бұл адам саны сапалы тазарту жұмыстарын жүргізу үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты әр аудандағы жалпы жұмыс күшін жинақтап, құрамы 50-100 адамды құрайтын 2-3 ірі топтарға бөлу ұсынылды. Сәйкесінше, бұл топтарды тиісті техника және жеткілікті құрал жабдықтармен қамту, бөлінген ірі топтардың 1 айлық тазалық кестесін бекіту туралы да ойлар айтылды. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржы көлемін ұлғайту, техникалармен қамту, елді мекендердің тазалығын сақтауға жұмысшылар мен техника санын көбейту мәселелері де көтеріліп, тиісті ұсыныстар хатамаға енгізілді. Бұл бағытағы жұмыстар зерделеніп, іс-шаралар жаңаша форматта жүйеленбек.

Түркістан облысыда тазалық, абаттандыру жұмыстары жаңаша бағытта үйлестіріліп, жүйелене түседі. Облыс әкімі аппаратының апталық отырысында өңір басшысы Дархан Сатыбалды тазалық пен абаттандыру мәселелерін шешудің жаңа жоспарын әзірлеуді ұсынды. «Таза Қазақстан» акциясын науқан емес, қалыпты өмір дағдысына айналдырып, жыл он екі ай бойы осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге көшесін, ауылын таза ұстаған тұрғындарды ынталандыру мәселесін көтерді. Мысалы, әлеуметтік нысандар мен жолды бірінші кезекте тазалық талаптарын сақтаған елді мекендерге салып беру және де ынталандыру шараларын әзірлеуді жүктеді. «Тазалық пен абаттандыру – жыл он екі ай тоқтаусыз жүретін жұмыстар. «Таза Қазақстан» акциясы өмірлік дағдыға айналуы тиіс. Өңірдегі барлық мемлекеттік, бюджеттік, жеке меншік, ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, жалпы мекемелердің бәрінің басшылығына тиісті ұсыныс берілсін. Әр мекеме ұжымы өздері тұратын нысанды сәндеп, жан-жағын көгалдандырып, тазалық жұмыстарын атқарсын. Әрбір аудан, қала, ауыл әкімдері өздері басқаратын аумақтағы мекемелер қызметкерлерін, тұрғындарды тазалық акциясына шақырсын. Жұмысты үйлестірсін. Бұл – бір. Екіншіден, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын науқанмен шектемей, проблемаларын анықтап, жүйелі түрде шешуіміз керек. Коммуналдық мекемелер құру, оларды қаржыландыру жұмысы жандансын», – деді Дархан Сатыбалды.

Leave a reply