infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан түркітілдес туристердің ордасына айналмақ

25 ноября, 2022
in Мәдениет
0
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келесі жылы Түркістан қаласы түркітілдес елдердің туристік астанасы болуы мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті. «Түркістан — еліміздегі туристік қарқыны жоғары өңірлердің бірі. Қаланың инфрақұрылымы жыл санап дамып келе жатыр. Түркістанға көліктің барлық түрі барады. Бүгінде аталған қалада республикалық және халықаралық айтулы іс-шаралар өтіп жатыр. Әзербайжанда өткен түркітілдес елдердің туризмге жауапты министрлерінің кездесуінде Қазақстан 2023 жылы Түркістан қаласын түркітілдес елдердің туристік астанасы етіп жариялауды ұсынды. Биыл түркітілдес елдердің туристік астанасы – Баку», — деді Ержан Еркінбаев тілшілердің сұрағына жауап беріп. Вице-министрдің айтуынша, биыл Түркістанға туристерді тарту мақсатында бірқатар ауқымды шаралар өткелі отыр. «Жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралардың форматы әртүрлі. Оның ішінде мәдени, туристік, спорттық, ойын-сауықтар, тағы сол сияқтылар бар», — дейді ол. Бұған дейін елордада туристерге арналған жаңа жобаның қолға алынғаны туралы хабарлаған едік. «Neo Nomad 2022» акциясына қатысушы турист бір жылдың ішінде еліміздің 20 аймағына барып, арнайы қойылған жиектеменің (рамка) алдында суретке түсуі тиіс. Осылайша 20 фотосурет жинаған туристке «Заманауи көшпенді» мәртебесі беріліп, естелік сыйлық табыс етіледі.

Алдыңғы пост

Сайрам: Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

Келесі жаңалық

Түркістан: «Әділдікті талап ет!»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі