infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан халықаралық әуежайы

October 17, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан халықаралық әуежайы
0
SHARES
84
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Түркістан Халықаралық Әуежайы “-бұл МЖӘ жобасы (Мемлекеттік-Жекешелік Әріптестік) шеңберінде өз қызметін жүргізетін” YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI ” АҚ-ның 100% инвестициялық жобасы. Түркістан қаласының әуежайы халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған. Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін еуропалық стандарттарға және IATA стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету үшін терминал қауіпсіздік пен күзеттің барлық қажетті талаптарымен жабдықталған. Өткізу қабілеті сағатына 450жол/сағ құрайды. 2 телескоптық трап, 14 жолаушыларды тіркеу бағандары, 88 орындық автотұрақ, сондай-ақ VIP және CIP залдары бар.

Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан болатын.

Әуежай Елбасымыздың жоғары бағасына ие болды. YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде және YDA Group компаниясының жеке қаржысына салынған Түркістан халықаралық әуежайы аймақтың әлемдік туризмге есік ашуына мүмкіндік береді. Халықты жұмыспен қамту арқылы аймақтың экономикалық дами түсетініне сеніміміз мол. Жоба құрылысы кезінде 1500 жұмыс орны ашылды, оның 1300 Қазақстан азаматтарына арналды. Әуежай ашылғаннан соң Қазақстан азаматтары үшін 750 жұмыс орны болады. Біздің екінші Отанымыздай болған Қазақстан елінде сәтті жобаларымыздың қатарын толтырған Түркістан халықаралық әуежайының ашылуына қуаныштымыз»,- деп атап өтті Хусейин Арслан.

Әлемге ашылған Түркістан қақпасы! Халықаралық Түркістан әуежайынан алғашқы рейс 1 желтоқсан күні «Fly Arystan» авиакомпаниясы арқылы жүзеге асты.

Осылайша, Халықаралық Түркістан әуежайының жұмысы Нұр-Сұлтан қаласынан Түркістан қаласына бағыт алған «Fly Arystan» авиакомпанисының рейсімен басталды.

YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. 28 қыркүйек күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған әуежайымыз Түркістанның әлемге ашылған қақпасы болуға мүмкіндік береді
.
«YDA ретінде айтарымыз Біз Қазақстанды екінші Отанымыз ретінде қабылдаймыз. Біздің алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік жобамыз 2007 жылы салынып, қазіргі кезде жұмысын қарқынды түрде жасап жатқан Ақтау халықаралық әуежайы. Бүгінде біз Түркістан әуежайында алғашқы жолаушыларымызды қарсы алғанымыз үшін өте қуаныштымыз және Ақтау қаласындағы әуежайымыз сияқты Түркістан әуежайы да сәтті жобаларымыздың қатарын толықтыратынына сеніміміз мол. Ұлы Қазақ даласында Қазақ-Түрік бауырластығының символы болатындай әлі де көптеген жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Түркістан әуежайының өсіп өркендеуіне шын жүректен тілектеспін.»,- деді Хусейн Арслан.

Жылына 3 миллион жолаушы тасымалына қабілетті әуежайымыз туризмді дамытуға өте үлкен мүмкіндік береді. Түркістан халықаралық әуежайы 905 га көлемін қамтиды, ұшу-қону жолағы 3300 м., 2 рулежді жолақ, 1 қызмет көрсету алаңы, 7 үлкен көлемді әуе кемесін сыйдыра алатын перрон, терминал мен өндірістік ғимараттар аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта, Түркістан халықаралық әуежайынан Мекке, Баку, Москва және Дубай қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост

Бір жерден жылына 2-3 өнім алу жобасы бойынша 25 жоба іске асырылды

Келесі жаңалық

«Керуен Сарай» – тарихтың кілті

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі