infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ ТӨРТ ЖЫЛДА ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСТІ

18 декабря, 2022
in Әлеумет
0
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл әкімдердің елге есеп беру жиындары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. Осыған сәйкес Түркістан облысының әкімі «Ақжайық» музыка мектебінің ғимаратында Түркістан қаласының тұрғындарымен жүздескен кезінде осыдан төрт жыл бұрын Түркістан тұрғындары 115 мың ғана болса, қазіргі таңда 221 мыңға жеткендегін айтты. Әрине, осыған байланысты халықтың талабы мен сұранысы да күн санап өсе түсуде.

Кездесу барысында облыс әкімі өңір мен Түркістан қаласында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен бірге проблемалық мәселелерге тоқталып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы баяндады.

– Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл 16-наурызда «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жариялады. Жолдаудың басым бөлігі еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасына, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін мәселелерге арналған. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Түркістан облысының құрылуы тиімді және ұтымды болғанын атап өтті. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі едәуір артты десек болады. Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнімі 2018 жылмен салыстырғанда анағұрлым артып, 2,6 трлн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 707,8 млрд. теңгені құрап, 3,6%-ға артты,

Өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 2021 жылы жалпы құны 186,6 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба іске қосылған. Ауыл шаруашылығында 906,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 101,7%-ды құрады. Егіс көлемі 845500 гектарға орналастырылып, жоспар 2100 гектарға артығымен орындалған. Жаңадан 122 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1467 гектарды құрап отыр. Елімізде экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75 пайызы, қой етінің 40 пайызы Түркістан облысының үлесінде.

Түркістан қаласының инфрақұрылымы толық қаланып, шаһарды дамытудың екінші кезеңі басталды.

«Санақ нәтижесі бойынша қала халқы 56356 адамға өсіп, тұрғын саны 221 102-ге жетті. Жергілікті тұрғындардың талап-тілегін барынша жедел орындау әкімдердің қызметтік борышы»,-дей келіп облыс әкімі тұрғындардың сұрақтарына ден қойды. Бұған дейін арнайы комиссия қабылдауға жазылған жандарды қарай келіп, тек жеке бастарына тиесілі өзекті жайларды арнайы қарауды ұйғарған екен. Бұл жолы тек түркістандықтардың инфрақұрылымдық және абаттандыру тұрғысындағы базыналары тыңдалды. Бұған облыс әкімі нақты да тиянақты жауап берді

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАННЫҢ АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢА НЫСАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Келесі жаңалық

БІР ҮЙДЕ ЕКІ БАТЫР АНА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі