infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Түркістан қаласын дамыту жоспарға сәйкес жүргізілуде

28 ноября, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан қаласын дамыту жоспарға сәйкес жүргізілуде
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығында абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда. Ең бастысы, демалыс орындары халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін айтты. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды міндеттеді.

Көгалдандыруға ерекше назар аударылатынын айтқан өңір басшысы жұмыстың сапасына айрықша назар аударуды ескертті. Мердігерлердің тұрғындар пікіріне құлақ асып, ескертулерін қаперге алуын міндеттеді.

Жұмыстың қарқынын күшейту үшін қосымша жұмыс күшін тартуды тапсырды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығында бой көтерген жаңа нысандардың бірқатарын аралап, құрылыс барысымен танысты.

Облыс әкімі жауапты басшылар мен мердігерлермен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Тапсырмалар берді. Құрылыс барысын көріп, өзінің бірқатар талаптарын қойды. Мемелеттік нысандардың барлық талаптарға сай салынуын қадағалауды жүктеді.

— Түркістан қаласын дамыту жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.  Бұл — мемлекеттің үлкен қолдауы.  Құрылыс саласына тартылған инвестиция да елге қызмет етуі тиіс.  Әрбір нысан елге арналғандықтан үлкен жауапкершілікпен қарап, жұмысты адал істеу керек,   — деді Д. Сатыбалды.

Түркістан қаласында облыстың күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының жаңа ғимараттары салынып жатыр. Әкімге әкімшілік-іскерлік аумағында орналасқан Түркістан облыстық полиция департаментінің құрылысын бойынша  баяндалды. 470 адамға арналған Полиция департаменті ғимаратының жалпы ауданы — 4 мың м2. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанда 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығы заманауи техникамен жабдықталады. Инвестициялық жобамен салынған медициналық орталық 4  санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадалары шақыртулар бойынша қызмет атқарады.

Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. 200 бөлмелі бес қабатты ғимаратта спортшылар мен жаттықтырушылар орналасады. Облыс әкімі нысан сапасына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Алдыңғы пост

Түркістан қаласындағы ішкі ирригациялық жүйелердің жай-күйі – басты назарда

Келесі жаңалық

Түркістанды таза сумен қамтамасыз ету қазіргі таңда 98,5%-ы құрап отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі