infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Дін

Түркістан қаласы күннен-күнге көтеріліп жатыр

25 ноября, 2022
in Дін
0
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық «Яссы» орталық мешітінде «Арақсыз қала, шарапсыз шаһар» атты тағылымды кездесу өтті. Аталған жиынға облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қала әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев, қалалық Полиция басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев және қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы қатысып, қаламыздағы имамдармен кездесті. Аталған жиын алдымен ақсақалдың ақ батасымен басталды. Еркін пікір алаңында Жарылқасын Әзіретбергенов тағылымды әңгімені тарихпен сабақтастыра сөйледі.

— Түркістан қаласы арақ-шараптан ада, жезөкшесі жоқ шаһар болады деген бастама осыдан екі жыл бұрын көтерілді. Содан бері екі супермаркет, алты дүкен қалада арақ-шарап сатудан бас тартты. Бұл бір күнде, бір жылда орындала салатын нәрсе емес, сондықтан осындағы облысымыздың, қаламыздың бас имамдарымен кеңесіп әрекет жасап жатырмыз. Бұл мәселеде әрқайсымыз жауапкершілікпен қарауымыз керек. Осындай бастаманың алғаш боп Түркістан қаласында көтеріліп жатқаны да қуанарлық жағдай – деді ақсақалдар алқасының төрағасы.

Сондай-ақ, Ерлан Кузембаев пен Бауыржан Жанаев қала тазалығын сақтау мен қылмысты азайту, тұрғындардың мәдениетін көтеру хақында көптеген ұсыныстарын ортаға салды. Бірлік пен берекені ту еткен Түркістанның жарқын болашағы жайлы кеңесте қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы құмар ойындар ойнайтын, есірткі тасымалдайтын жандарды қоғам боп тәрбиелеуге шақырды.

Сондай-ақ, қала мешіттеріндегі имамдарға әрбір жұма уағызында жиын барысында айтылған мәселелерді жамағатқа қысқаша түсіндіріп, насихат жұмыстарын жүргізуді ұсынды.  Келелі кеңес соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сауалдарына мамандардан жауап алды.

Алдыңғы пост

ҚАЗАҚ ТІЛІ КӨРІНГЕННІҢ ҚОЛЖАУЛЫҒЫ ЕМЕС

Келесі жаңалық

Түркістанда кәсіпкерлік сала дамуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі