infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Таным

ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ДАЛА ДАНАСЫ — ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ

27 ноября, 2022
in Таным
0
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мұсылман әлемінде аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын әрі ойшыл , философ Қожа Ахмет Ясауи 12 ғасырда Сайрам каласында дүниеге келді. Ясауидің әкесі Ибраһим Ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты.

Ол өзінің ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді бір деректе Қарашашқа) үйленіп, одан Гауһаршаһназ атты бір қыз, одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді. Ахметтің анасы жастай өмірден өтеді де, әкесі жеті жаста қайтыс болады. Бала Ахметтің негізгі ұстазы, тәрбиешісі өзіне аталас туыс болып келетін Арыстан- Баб екен. Бұл жайында ақынның өзі «Диуани хикметте»:

Жеті жаста Арыстан-Бабқа қылдым салам,

Мұстапаның аманатын бер деп маған.

Сол мезетте мың бір зікір еттім тамам,

Нәпсім тыйып, Аллаға бет бұрдым міне.

Құрма беріп, басым сипап, назар салды,

Бір сәтте ол дүниеге сапар салды.

Қоштасып бұл әлеммен, кете барды,

Мектеп көріп, қайнап-толып, тастым міне!-дейді.

Арыстан- Бабтан біраз сабақ алып, өзінің оқуға деген талант- қабілетін танытқан жас Ахмет Бұхара қаласындағы Ж.Хамаданидің медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, аз жыл сонда (Хамадани қайтыс болған соң)қалып, медресені басқарады. Бұдан соң ол сопылық жолдың ащы-тұщысын да татып, Хақ дидарына ғашық болған ғарыптермен көптеген қалаларды аралайды. Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір ғалым оны Иранға алып кетіп оқытқан деген сөз бар. Шығыстың дін орталықтары мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп- тіршілігін көрген жас жігіт өзінің білімі мен түсінік-танымын кеңейтеді. Он жеті жасқа толған соң, ақын Түркістанға оралып, сол кезде аты ғана бар «Йасы» деген жерге қоныс тебеді. Содан сол жерге жұрт біртіндеп жиналып, қыстаққа айналады.

Кейінгі ғасырларда Ясауидің аты жайылған соң, бұл мекен діни орталық болып, мәдениет ошағы ретінде танылды.

Ендігі бір маңызды мәселе ұлы ақынның туған, өмірден өткен жылдары жайында.Мұны әр зерттеуші әр қилы түсіндіріп келеді. «Диуани Хикметте» Қ.А.Ясауидің өз ауызынан айтылған, алайда осыны күні бүгінге дейін жұрт не көрмей келді, не көрсе де танығысы келмеді. Ақынның қанша жыл жасағанын оның өзінен жақсы білетін адамның жоқ екенін де мойындайық. Осы жолдарда ол өз жасын тайға таңба басқандай етіп, ашық айтыпты. Жыр жолдарына назар салып көрелік.

Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,

Алпыс үште суннат деді, жерге кірдім.

Жер астында жан- жүрегіммен құлшылық еттім,

Есітіп, оқып, жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым,

Хақ Мұстафа суннаттарын қыла алмадым.

Адамдардан қош көңіл мен жылылық көре алмадым.

Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым.

Сол 125 жас қай жылдарға келеді, енді соған тоқталайық. Діни аңыздар бойынша, Қожа Ахмет 63 жастан кейін, Мұхаммед пайғамбардың ісін жалғастырушы сүндеті ретінде, «күн көзін көріп жүру күнә»деп, жер астынан өзіне орын дайындатып, сонда өмір кешеді. Жер астына түсерден бұрын ол кісі айтса керек: «Жер бетінде қанша жыл жасасам, жер астында да сонша жыл жасаймын», — деп. Қ.А.Ясауи өмірін зерттеген адамдардың бәрі де ол кісінің қайтыс болған жылын бірауыздан 1166/67 жыл деп белгілейді.Егер «Хикметтегі» 125 жылды осыған орайластырсақ , онда ақынның 1041/42 жылы туылғаны анықталар еді. Бұл жылдар оның Бұхарадағы өмірімен, дәлірек айтсақ, Ж.Хамаданидің жас мерзімімен сәйкес келмейді. Ол кісінің 1148 жылы өлгені мәлім. Сондықтан Ясауидің қайтыс болды деген жылын, яғни 1166/67 жылды шын өлген жылы емес, жер астына түскен жылы деп тұжырымдасақ, дәл сол жылы ол 63 жаста болады екен.

Ол 1103 жылы туып, 1228 жылы қайтыс болған дей аламыз. Сонда ақын өз ұстазымен 1130- жылы жолығып, дәріс алған болып шығады.

Күллі түркі әлемі үшін руханияттың темірқазығына айналған Қ.А.Ясауидің елеулі еңбегі «Диуани Хикмет» кітабы.

Әсіресе Мұхаммед пайғамбардан мирас болып қалған ғарыптік жолын жырлап, насихаттау да «Диуани Хикметте» өзекті тақырыпқа айналған.Мұсылман дінінің қағида шарттарын, парыз-қарыздарын әңгімелей отырып, жоғарыда айтылған ғарыптік жолына ерекше мән береді. Ол осыған орай: Өз тапқанынан мүсәпірге бермесе, ол — харам. Пірге қол бер. Өзгелер шариғатты білмесе, шариғат үйрет, тариқатты білмесе, тариқат ғылымымен жолға сал, егер мағрипатты білмесе, мағрипат ғылымын үйрет, хақиқат жолымен мүриттерге жол көрсет», — дейді.

Ақын адам баласын кісілікке, имандылық, бауырмалдыққа шақыра келіп, тойымсыздық пен надандықты өлтіре сынайды. Ясауи сыртын жөндеп, ішін түзеген ғалымдар мен дүниеқоңыз, парақор әкім- жауыздарды, тіпті дін иесі, арамзаларды да салыстыра бағалап, алғашқылардың махшарда жүзі жарқын болады десе, кейінгілердің орнын тамұқ(тозақ) деп белгілейді. Дүние үшін өмір сүргендерді, алаяқ, арамзаларды ол аяусыз түйреп:

Дүние менікі дегендер — жаһан малын алғандар,

Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар.

Молда, муфти болғандар- жалған жала жапқандар,

Ақты қара қылғандар тамұққа түседі.

Қазы, имам болғандар — нақақ жала қылғандар,

Есектей болып жегіліп, жүк астында қалады.

Пара алған әкімдер — арамдықпен жүргендер,

Өз бармағын өз шайнап өкінішпен қалады, — дейді.

Қазақ халқы өзінің сүйікті ақынын» Әзірет Сұлтан деп атап, қастерлеп, қадір тұтқан.

А.БЕЙСЕНОВА,

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық экскурсоводы ҚР мәдениет саласының үздігі.

 

Алдыңғы пост

Түркістанда ұлағатты ұстаздар жиналған

Келесі жаңалық

Түркістанда туризм етек жайып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі