infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда

15 декабря, 2022
in Әлеумет
0
Түркістан кәсіпкерлікте көш басында
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала тұрғындарымен кездесуінде осылай деді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, халық арасында жүрген шаһар басшысы бұған дейінгі кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен қордаланған мәселелердің кезең-кезеңімен атқарылып келе жатқандығына тоқталды.

Атап айтсақ, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен жыл басынан бергі кездесулерде 112 мәселе көтерілген болатын. Оның 67 – і орындалды. 9 жол мен көлік саласы, 17 инфрақұрылым, алты қоғамдық көлік, сегіз абаттандыру және 13 басқа да мәселелер өз шешімін тапты. Тоғыз мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. 36 мәселенің заңға сәйкестігі түсіндірілді. Қала әкімінің баяндауынша, барлық секторларға ортақ өзекті мәселелер бір арнаға тоғысады.

Оның ішінде ең өзектісі-қала көлеміндегі жолдардың жайсыздығы. Қала аумағында 845 шақырым жол бар. 875 көше орналасқан. Оның ішінде 316,1 шақырымы асфальт жол, 392,5 шақырымы тас жол, 136,4 шақырымы топырақ жол. Нәтижесінде, 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 39,5% артты. Нәтижесінде, асфальт жол 333,6 шақырымды құрайды. Пайызға шаққанда 39,5% жеткізілді. Тас жол 478,3 шақырымды құрап 56,5% жеткізілді. Күні бүгінге дейін топырақ жол 33,1шақырымда орын алып отыр.

-Тұрғындармен кездесулерде көбіне жұртшылық өкілдері өздері орналасқан сектордағы жолдардың тезірек жөнделгендігін қалайды. Бұл дұрыс. Бірақ сабыр сақтаңыздар. Себебі бұл көшелердегі жолды жөндеу жұмыстарын бастау үшін алдымен жобалық сметалық құжаты жасалады. Одан кейін байқау жарияланып, мердігер анықталған соң ғана жұмыс басталады. Бұл жедел орындала қалатын мәселе емес. Қала бойынша жолдарға тас төсеу, асфальттау жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді, — деп әкімі халыққа басу айтты.

Алдыңғы пост

ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖАЙЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі