infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ – ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

16 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ – ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА
0
SHARES
29
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында Шымкент қ., Абай ауданы Қызылжар елді мекені тұрғындарының шағымы бойынша арнайы жиын ұйымдастырылды.
Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып, жүргізді.
Отырысқа «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Парманов Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов, Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е.Дәрменов, «Shymkent» ӘКК ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Е.Каттабеков және Қызылжар елді мекенінің ауыл биі Р.Анарметов, ауыл тұрғыны У.Ибрагимов, Қызылжар елді мекені бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Байжанов, төрағаның орынбасары С.Сейтимов, № 9 емхана бас дерігерінің орынбасары Р.Оразбаева, медиатор Ж.Елтаев және жеке инвестор Е.Жақсылықов қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде Шымкент қ., Абай ауданы Қызылжар елді мекенінде спорт алаңшасының орнына емхана салу мәселесі қаралды.
Шымкент қаласы Абай ауданы Қызылжар шағынауданындағы №9 емхана бұрыннан жергілікті тұрғындарға медициналық көмектерді көрсетіп келеді, бүгінгі таңда аталған емхананың ғимараты ескіріп, тозығы жеткен.
Аталған емхананы ретке келтіріп, заманауи тұрғыда жаңа емхананың құрылысын салу мақсатында, Қызылжар шағынауданындағы тұрғындардың стадион деп атап кеткен бос жатқан жер теліміне «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан жеке инвестор «Medical center Shubarsu» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың наурыз айында бастау жоспарланған болатын.
Алайда жергілікті тұрғындар стадион ретінде пайдаланып отырған жер теліміне жаңа емхана құрылысын салуға қарсылық танытып, бірнеше рет жиындар ұйымдастырған.
Отырыс барысында бірінші болып ауыл биі Р.Анарметов сөз алып ауыл тұрғындарының ішінде спорт алаңшасының орнына емхана салуға қарсы азаматтар бар екендігін жеткізді.
Екінші болып сөз алған ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Байжанов ауыл тұрғындарының басым бөлігі емхана салуға қарсылықтары жоқ екендігін айтып өтті.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов қазіргі таңда жеке инсвестор тарапынан қазіргі таңда аталған елді мекенде емхананы көшіру мәселесі жүргізіліп жатқандығына тоқталып, жақын күндері қолданысқа берілетіндігі айтты.
Отырыста «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Парманов аталған мәселе бойынша жергілікті тұрғындармен бірнеше рет кездесулер өткізілгендігін ескертіп, алайда мәселе бүгінгі таңға дейін бір мәміліге келе алмай отырғандығына тоқталды.
Отырысты қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева тиісті мемлекеттік мекеме өкілдеріне аталған елді мекендегі тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ашық әрі нақты мәліметтер беру қажеттілігін ескертті .
Сонымен қатар, алдағы уақытта «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, қалалық мәслихаттың депутатттары тарапынан зерделеу жұмыстарын жүргізіп, халықпен түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігін атап өтті.

Алдыңғы пост

ТРАНСФОРМАТОР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ӨНІМДЕРІНІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Келесі жаңалық

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «SHYMKENT GREEN CITY» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі