infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ

July 22, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 2 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкентте 2 мыңнан астам отбасы пәтерлі болады. Бұл туралы бүгін маңызды белеске арналған іс-шаралар қорытылған жиында мәлім болды. Егемендіктің мерейтойына үшінші мегаполисте бірқатар нысан пайдалануға берілгелі отыр. Оның ішінде 300 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы түрлі өндіріс орындары мен мектептер бар.

Шымкентте алдағы жартыжылдықта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандар қолданысқа берілмек. Жаңа оқу жылында қалада су жаңа 4 мектеп ашылады. Қараша айында 7 жаңа өндіріс орны іске қосылып, 300 адамды жұмыспен қамтылғалы отыр. Сондай-ақ жыл соңына қарай 2 мыңнан астам баспана пәтер кезегінде тұрған түрлі санаттағы азаматтарға беріледі. Бұдан бөлек «Бозарық» қосалқы стансасының ашылуы да маңызды мерейтойға орайластырылып отыр. Шаһарда биылғы бірінші жартыжылдықта Тәуелсіздігімізді ұлықтаған ұзын саны 162 іс-шара өткізілген.
«Оның ішінде негізгі ауқымды жобаларға тоқталсақ, «Шымқала» этноауылы мен «Қамал» тарихи-мәдени кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала әкімінің бастамасымен Қазақстанда алғаш рет ІІ кезеңнен тұратын «Шымкент жастар лигасы» жобасы ұйымдастырылды», – деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.

Айта кетейік, Nur Otan-дықтардың тарапынан қайырымдылық үшін биыл 90 млн теңгенің қаржысы жиналып, халық игілігіне жұмсалыпты. Жалпы рейтингте көмек қолын созудан шымқала тұрғындары Нұрсұлтан қаласы халқынан кейін екінші орында екен. Мұндай игі шаралар Тәуелсіздік тойы жалғасатын келесі жартыжылдықта да қолға алынбақ.

Алдыңғы пост

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «SHYMKENT GREEN CITY» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі жаңалық

«ШАПАҒАТ» ОРТАЛЫҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕЙДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі