infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

3 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың өзекті мәселелерін бақылауға алу, заң аясында шешу, халықпен кері байланыс орнату жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағытта Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков кезекті рет онлайн режимде тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Жеке қабылдауда бұл жолы әлеуметтік, жұмыспен қамту және баспана мәселелеріне қатысты 20-ға жуық азамат мұң-мұқтаждарын жеткізді. Барлығына заң аясында кеңес беріліп, тиісті басқарма басшыларына өз құзіреттері шеңберінде мәселелерді шұғыл қадағалауға алулары тапсырылды.
Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіп негізінде кезекпен беріледі. Кезекке тіркелу үшін азаматтың тиісті санаттардың бірінде және тұрғылықты мекен-жайы соңғы үш жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы тиіс. Иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт. Қазіргі таңда арендалық үйлер көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары мен жұмыс істейтін жастарға қарастырылуда. Сонымен қатар, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несие бағдарламалары негізінде тұрғын үйге қол жеткізуге болады.
Мәселен, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында несиелік бағытта тұрғын үй мәмілелерін жасап, баспаналы болған азаматтар саны 1553-ке жетті. Оның ішінде «5-20-25» кредиттік тұрғын үй бағыты бойынша 581 азамат тұрғын үймен қамтылған. Оның 291-і тұрғын үй кезегінде тіркелгендер қатарында. Бұдан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы алғашқы нарықтан 972 азамат несиелендіру шарты бойынша баспанаға ие болды.
Алдыңғы пост

ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ӨТЕМІС», «ШАПЫРАШТЫ» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі